• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 00:48:05
Алматы
+35°

19 Шілде, 2017 Әлеумет

Телефонның зиянды тұстарынан қорғануды білесіз бе?

Бүгінде біз телефонның бала денсаулығына, психикасына және ортасына қаншалықты кері әсері бар екенін біле тұра, білмеген кейіп танытамыз

Қазіргі заман технологияның дамыған дәуірі болғандықтан кез келген адам ұялы телефон немесе түрлі планшеттер ұстайды. Заман талабына сай жасалып жатқан телефонды  еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қолданып жүр.Қарап тұрсақ  ұялы телефон өміріміздің бір бөлшегіне айналған секілді. Басында жай хабарласу құралы болған қалта телефонының  бүгінде қызмет көрсету аясы кеңейгені соншалық, оның интернет арқылы әлеуметтік желілерге еріксіз «қалай байлап» тастағанын өзіміз де білмей қалдық. Сол телефонның пайдасынан көрі зияны көп екенін білсек те көз жұма қарайтынымыз өкінішті. Телефон уақытты үнемдеп, кез-келген жерде мәселеңізді шешіп беретін әмбебап құрал. Сондықтан ұялы байланыстың зиянынан гөрі пайдалы жағына басымдылық беретініміз заңдылық. Ол аздай, хабарласып, қайда жүргенін білу үшін әр балаға телефон беріп қойдық. Телефонның  жәй түрі емес, бағасы қымбат  телефондар. Бір кездері арман болған ұялы байланыс телефондары бүгінде балаларымыздың қолында қос-қостан ұстап жүр.  «Бала үшін жұмыс істеп, бала үшін өмір сүріп жүрген жоқпын ба?» деген ата-ана бар жалақысын жұмсаса да, перзентінің аңсаған телефондарын алып беруде. Ал сол жасөспірім балалар интернет желісіне кірмейді емес кіреді,  интернет желісінен көптеген видео мен суреттерді көрмейді емес, көреді.Ал  интернеттен көрген атыс-шабыс, төбелес неше түрлі көрініс баланың психологиясына  әсер етпей қоймайды. Зиянын келтіріп қана қоймай баланың ой-санасының дамуына кері әсерін тигізеді.  Өскенде не көрсе, ұшқанда соны іледі демей ме? Ата-анасының тәрбиесін емес, интернет желісінен көргендерін істейтін балалар қазіргі уақытта көбейіп барады.

Ал енді ұялы телефон баланың денсаулығына қандай зиян келтіреді деген сұраққа кез-келген ата-ана нақты жауап айта алмайды. Себебі ұйқыдан тұра салып, телефонға қарайтын ата-аналар, балаларына тұрмақ  телефон өздеріне қандай зиян келтіріп жатқанын біліп те жатқан жоқ.

Сонымен қатар екі жасқа толмаған балаларды жұбату үшін қолымыздағы қалта телефонымызды бере салатынымыз анық. Телефонның зиянынан гөрі, кішкентай сәбидің жыламағаны маңызды болып көрінеді. Ал телефоннан бөлінетін сәуленің бас ауруы, есте сақтау және көру қабілетіне зиян келтіріп, ұйқысыздыққа шалдықтыратынын біріміз білсек, біріміз білмеуіміз де мүмкін.

 Айтып отырған телефонның зиянын ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша дәлелдеп берсек. Адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі болған. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырып отыр. Ал, ресейлік ғалымдар ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындардың көз жанарына кері әсер ететінін анықтаған. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері нәтижесінде сынақтан өткен тышқандардың барлығы дерлік көз жанарынан айырылған. Сондай-ақ, зерттеу барысында сынақтан өткен хайуандардың иммундық жүйесі әлсіреп, бұзылғаны анықталды. 

Бүгінде біз телефонның бала денсаулығына, психикасына және ортасына қаншалықты кері әсері бар екенін біле тұра, білмеген кейіп танытамыз. Бұл шындық. Ал телефондардың  денсаулыққа қауіпті екенін біле тұрса да, бүгінде олардан бас тартатындар аз. Керісінше, телефондарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Технологиялар дамыған сайын, телефондардың қауіптілігі  жоғарылай түспесе, азаймайды. Осы дүниелерге көз жұма қарауымыздан көптеген адамдар зардап шегіп жатыр.

Телефоннан келетін қауіптен сақтанғыңыз келсе, мына кеңесті оқып шығыңыз.

Көшеде сөйлесіңіз;

Телефон тұтқасын құлақтан 1 сантимерт алыс ұстаңыз;

Құлаққабыңыз болса, сонымен әңгімелескеніңіз дұрысырақ;

Телефонның астыңғы жағын ұстағаныңыз абзал;

Ұялы телефоныңызды тігінен ұстаңыз;

МГц диапозонын ауыстырғаныңыз дұрыс;

Телефондағы дыбыстық сигналды тыңдамаңыз;

Тағы да айта кететіні телефонды қалтаға салмаңыз. Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жазыңыз. Бұл сәтте телефон сіздің денсаулығыңызға көбірек зиянын тигізеді

Ал осы телефоннан өзімізді қалай алшақ ұстаймыз деген  сұраққа РУДН университетінің әлеуметтік және дифференциалды психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты, отбасылық психотерапевт Елена Чеботарева  жауап берді: «Телефоннан өзімізді алшақ ұстау күнделікті қолданатын күнтізбе  жасаңыз (бір сағат ұялы телефон қолдансаңыз, одан кейін сабақ оқу). Белгілі бір уақытқа оятқыш қой және сол уақытта өзіңді жеңімпаз ретінде жігерлендіріп, бірден телефоннан алыста. Ең дұрысы, сізге көмекшілер керек. Ол ата-анаңыз болса тіпті жақсы. Олар сіздің графигіңізбен таныс болу керек және сол уақытта техникалық құрылғыдан алыстауыңызды айтып ескерту жасағаны жөн. Көмекшіңіз не серіктесіңіз досыңыз болса, тіпті керемет. Екеуара келісім жасаңыз: кім өз уақытында жоспарымен жүрмесе, ол айыппұл төлесін немесе қатаң жазалансын. Бұл өзіңізді тәрбиелеуге де көмектеседі. Ал жеңімпаз, керісінше, сыйға ие болсын». Бұл күнтізбені сізде жасап көріңіз. Жүзеге асса сыйлықтың астында қаласыз, ал  өзіңізді шектей алмасаңыз, телефонның шырмауында қалып қоясыз.

 Қамшыгер: Ақнұр МҰХТАРХАН

Aknur Mukhtarkhan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір