• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:00:37
Алматы
+35°

23 Ақпан, 2019 Саясат

Текті әулеттің тұғырлы ұлы

Бақытжан Сағынтаев – ауылда өскен, қазақ тілінің қаймағы бұзылмаған өңірдің тумасы.

Бақытжан Сағынтаев – ауылда өскен, қазақ тілінің қаймағы бұзылмаған өңірдің тумасы. Үшарал деп аталатын бұл ауылдан талантты ақын апамыз Күләш Ахметова шыққан. Ал ауылды ол тұста Бақытжанның әкесі, 25 жасында Еңбек Ері атанған қарапайым қазақ жігіті Әбдір Сағынтаев басқарған.

Бақытжанның анасы – көп балалы ана. Менің риза болатыным, сол ұл-қыздардың бәрі қарапайым.

"Біздің бауырымыз Астанада, үлкен лаузамды қызметте отыр" деп біреуінің көкірек кергенін көргенім жоқ. Бәрі сыпайы, бәрі қарапайым, бәрі күліп тұрады.

Осындай ортада өскен Бақытжан лауазымды қызметте жүрсе де қарапайымдылығынан ажырамай, ана тілін ардатқап, жүрген жерінде мемлекеттік тілде сөйлеуге тырысты.

Үкімет тізгінін де жер мәселесі ушығып тұрған кезде алып, бәрін сабырмен шешті.

Сондықтан текті әулеттің тұғырлы тұлғасын алдағы уақытта да лайықты қызметтен көріп, халқына адал қызмет ете береді деп сенеміз.

Көсемәлі Сәттібайұлының Facebook-тегі парақшасынан

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір