Тек "Абай жолын" оқыған "рухани мүгедектер" туралы бірер сөз

Тек "Абай жолын" оқыған "рухани мүгедектер" туралы бірер сөз
Ⓒqamshy.kz`s collage

«Әлемге әйгілі философ, Платон мен Аристотельдің ұстазы кемеңгер Сократты жендеттер дедектетіп сот алаңына әкелді. Сот төрағасы қарт данышпанға ақталуға сөз береді....» 

«Қазіргі жастар кітап оқымайды», «ойлаудан қалған», «смартфонның құлына айналды» деген сөздерді күнде естіп-естіп құлағымыз жауыр болды. Жасыратыны жоқ мұндай сөздерге етіміз өліп кеткені сонша бұрынғыдай тіксініп, қарсы пікір білдіруге де құлқымыз шамалы.

Кітапхана тек "Абай жолынан" немесе "Махаббат қызық мол жылдардан" немесе "Көшпенділерден" тұрмайды. Жастардан қандай кітап оқыдың деп сұрай қалсаң айналдырған 2-3 кітаптың төңірегінен шыға алмай қалатыны өкінішті. Кейде ішің қан жылайды.

Бауырлар! Қалың қазағым! Әлем біз ойлағаннан да кең. Жалғыз біз емес, әлем елдерінің мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жинаған алтын мұрасы бар. Олар да біз секілді тарихтың талай зобалаңынан өтіп, осы күнге жетті. Қан майданда ажал құшып, зар илеген тек қазақ емес. Барлық ел тарихтың талай зобалаңын көріп бүгінгі күнге жетті.

Хафиз, Фирдоуси, Низами, Руми, Әлішер, Гёте, Байрон, Сағди, Бальзак, Гюго, Данте, Сервантес, Дефо, Андерсен, Дао, Конфуций, Толстой, Тургенев, Достоевский, Лермонтов, По, Макиавилли, Руссо, Гаспринский, Көкалып айта берсе миллиондаған әлемге белгілі классиктер бар. Жарайды, тереңіне кетіп Кюрилер мен Нобельді, Эйнштейн мен Борды зерттемей-ақ қояйық, бірақ ең құрығанда әлемге ортақ классиктер Хафиз, Фирдоуси, Низами, Руми, Әлішер, Гёте, Байрон, Сағди, Бальзак, Гюго, Данте, Сервантес, Дефо, Андерсен, Дао, Конфуций, Толстой, Тургенев, Достоевский, Лермонтов, Макиавилли, Руссоларды біліп үйренсек екен.  Атақты Абайдың өзі «Абай» болу үшін осы классиктерді оқыды ғой. Осыны неге түсінгіміз келмейді.

Бұларды оқығаннан сіздер өз жұртыңызды сатып кетпейсіз. Шет елге өз еліктеп кетем деп те қорықпаңыз. Біздің басты проблемамыз біз кітапты өзіміз үшін, өзімізге керек болғандықтан оқитынымызды әлі түсінбей келе жатырмыз. Бұл мақтаныш, сән көрсететін іс емес. Біреу оқыстан сұрай қалса, екі-үш кітаптың атауын жатқа айтып беріп, әйтеуір өз надандығымызды қорғап қалсақ болды. Сондай ойлап қараңызшы, бұл кімге керек?

Әрбір жас буын Дальтонды оқымаса да Дантені, Галилейді білмесе де Гюгоны түсінсе, әлемдік ғылымға, ғаламдық жаңалықтарға өз қалауымен ұмтылар еді. Себебі әдебиет деген сондай, ол алысты жақындатады. Бір кездері «Берлин қабырғасын» бульдозер емес, әдебиет қиратқан еді. Кейде маған әрбіріміздің ішімізде осындай тас қабырғалар, темір қоршаулар бардай көрінеді. Мұны тез жарып шығып, көкке самғау оңай емес.

Қамақтан шыққан қыран бірден көкке самғамайды. Сол секілді біз әлемдік ғылым мен білімге, жаңа технологиялар мен өндіріске өтерде осынау табиғи заңдылықты бұзып алдық. Ғылым мен білім күштеуге көнбейді. Біз армандаған әлемдік ғылым кабинеттегі тау-тау заң-закондармен реттелмейді. Ғаламдық ғылымға, заманауи технологияға бізді әлемдік әдебиет қана жетелеп апарады. Біз өзіміз ынтық болмайынша, өзіміз жан жүрегімізбен қалап ізденбейінше ғаламат жаңалық аша алмаймыз. Ғылымға да махаббат керек. Өз идеясы үшін өлтіріп жатса да, бас тартпайтын ғалымдар, міне, осындай махаббаттың дәмін татқандар. Коперник пен Галилейлер ғылымға шалқыған байлықтан, үкімет жағдайын жасап бергендіктен келген жоқ. Жағдай жасамақ түгіл соңына шам алып түсіп, тірідей өртеуге дейін барды. Бірақ олар өліп кетсе де, өз идеяларынан бас тартқан жоқ. Себебі Данте мен Боккаччоның әдебиеті оларды ғылымға мас қылды. Олар Қайта өрлеудің идеясымен уланды.

Ғылымнан кет десе де кетпейтін нағыз ғалымдарды тек осындай жолмен тәрбиелеуге болады.

«Сен мынаны ізде, сен мынаны зертте, ертең өкімет осынша ақша бөледі» - дегенмен ғылым жолға түсіп, жаңалық ашылмайды. Бұл бар болғаны кабинеттегі макулатураны көбейтетін тірлік. Интеллектуалды ұлт қалыптастырамыз десек, жұртқа өзі түсінбейтін қым-қиғаш темір-терсек ұстатып қоймай, соған дейінгі қадамдардан өтуге мүмкіндік беру керек. Не себепті алғашқы Ренессанс өкілдері шетінен ақын, драматург болды? Қарап отырсаңыз, тарих бізге қаншама сабақ көрсетті, бірақ біз соны көргіміз, елегіміз келмейді.

Әлемдік классика мұрнымызға бармай жатқанда Еуропа мен Америка Тесла мен Эйнштейнді қопарып тастап, Айды қойып Марсқа ұшып жатыр. Ал біз дастархан басында басымыз қосыла қалса: «пәлен деген ел дамып кетіпті, біздің отырысымыз мынау» - деген қысыр әңгімені өрбітеміз.

Кеңестік дәуірде тек советтік идеяны насихаттаған кітаптарды оқып, әлемнен тыс қалғанымыз рас. Бірақ қазір тәуелсіз елміз ғой. Сіз тек қазақты ғана оқып қою арқылы өзіңізге қанша қиянат жасап жатырсыз. Қарапайым ғана биологияда адам организміне жүздеген дәрумен (витамин) керектігі белгілі. Егер олардың бірі жетіспесе, сіз мүгедек болып қаласыз. Сол секілді әлемдік тағылым, әлемдік классика – сіздің рухани дәруменіңіз. Сонда сіз «Рухани мүгедек» болып қалам-ау деп қорықпайсыз ба?

Сөз соңында:

Жалпы қазақты әлемнен бөліп алып, жетінші материк етудің қажеті жоқ. Бұлай жалғаса берсе өз қазанымызда өзіміз қайнай береміз.

Қазаққа жаңа кеңістік керек!

Ә, Сократты ұмытып барады екем.

«Сот атақты философтың ақталу сөзіне қарамастан өлім жазасына кесті. Ол қанша сөзге шешен, философ болса да ақтала алмады».

P.S. Егер жоғарыда айтылған сыннан өзіңізді ақтап ала алсаңыз, құттықтаймын сіз Сократтан өткен данышпан болғаныңыз.

 

Рысбек Рамазанұлы

тарихшы, “Әлем халықтары жазушылары Одағының мүшесі” мүшесі

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Бекболат Тілеухан: Бұл күннің болары анық еді...
    20/03 01:45 0 242
    2
    Назарбаев өзінің кеңесшісін тағайындады
    20/03 00:34 0 194
    3
    Назарбаев әлем мойындаған ұлы қайраткер ретінде тарихта қалды
    19/03 22:00 0 322
    Валентина Матвиенко: Келесі президенттің кім болатынын тек Қазақстан халқы шешеді (видео)
    19/03 21:03 0 2219
    Нұрсұлтан Назарбаевтың 19 наурызда жасаған үндеуі (толық нұсқасы)
    19/03 19:49 0 1034

    Таныстырылғандар

    Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық
    Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық
    Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық
    Бақытты сатып алу мүмкін емес. Сіз тілегіңізді қанағаттандырғаннан, қалағаныңызға қол жеткізгеннен, рахаттанғаннан бақытты бола салмайсыз. Бақыт тауар емес.
    Аудио тыңдау
    14/03/2019 12:48 0 279
    8 сынып оқушысы: Мен өлсем, басқа адамдарға жақсы бола ма?
    8 сынып оқушысы: Мен өлсем, басқа адамдарға жақсы бола ма?
    8 сынып оқушысы: Мен өлсем, басқа адамдарға жақсы бола ма?
    Өміріңізді қиюға соңғы рет әрекет жасағанда қандай әдісті қолдандыңыз?
    Аудио тыңдау
    14/03/2019 16:03 0 564
    Мүфти: Көп әйел алып, сауапты іс жасаймын дегендер оңбай қателеседі!
    Мүфти: Көп әйел алып, сауапты іс жасаймын дегендер оңбай қателеседі!
    Мүфти: Көп әйел алып, сауапты іс жасаймын дегендер оңбай қателеседі!
    Оның айтуынша, көп әйел алушылық – әйелдер мен балаларға деген әділетсіздіктің белгісі.
    Аудио тыңдау
    14/03/2019 17:08 0 2217
    Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды
    Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды
    Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды
    Бала өзгелермен тең дәрежеде олимпиадаға қатысты.
    Аудио тыңдау
    14/03/2019 23:38 0 370
    Сүйінші! "Әліппе" қайта оралатын болды!
    Сүйінші! "Әліппе" қайта оралатын болды!
    Сүйінші! "Әліппе" қайта оралатын болды!
    Әліппеге байланысты биылғы оқу жылында үлгермейміз. Келесі оқу жылында әліппе орнына қайтып келеді.
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 10:16 1 12116
    Арман Шораев кәрі шенеуніктерге: Өздерің кетіңдер!
    Арман Шораев кәрі шенеуніктерге: Өздерің кетіңдер!
    Арман Шораев кәрі шенеуніктерге: Өздерің кетіңдер!
    Кеше депутат Гүлжан Қарағүсова балаларға кедергі жасамау үшін қарт ата-аналар коорпоративтік үй салу туралы ұсыныс білдірген болатын.
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 10:54 1 10325
    Лукашенко Путинге: Бізді қорламағаныңда, бақыт іздеп дүние кезбес едік... (видео)
    Лукашенко Путинге: Бізді қорламағаныңда, бақыт іздеп дүние кезбес едік... (видео)
    Лукашенко Путинге: Бізді қорламағаныңда, бақыт іздеп дүние кезбес едік... (видео)
    Ресейлік БАҚ Лукашенконың бұл әрекетін көреалмаушылық, іштарлық салдарынан туған деп болжады.
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 16:38 0 4093
    Шамшидинова "Қазақстан тарихы" ," Қазақ тілі" және "География" пәндеріне өзгеріс енгізбек
    Шамшидинова "Қазақстан тарихы" ," Қазақ тілі" және "География" пәндеріне өзгеріс енгізбек
    Шамшидинова "Қазақстан тарихы" ," Қазақ тілі" және "География" пәндеріне өзгеріс енгізбек
    "Балабақша мен мектепте әйелдердің тәрбиесін алған балалар қыз секілді болып барады."
    Аудио тыңдау
    17/03/2019 16:14 2 1531
    Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» атанды
    Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» атанды
    Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» атанды
    «Бұл өте ірі жетістік. Шығармашылық команданы шын жүректен құттықтаймын!»
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 07:20 0 626
    1 шілдеден бастап ауылдық жердегі мұғалімдер 180 908 теңге жалақы алатын болады
    1 шілдеден бастап ауылдық жердегі мұғалімдер 180 908 теңге жалақы алатын болады
    1 шілдеден бастап ауылдық жердегі мұғалімдер 180 908 теңге жалақы алатын болады
    Жоғары санаты бар қала мұғалімінің жалақысы 158 034 теңге, ауылдық жерлерде -180 908 теңгені құрайтын болады.
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 09:12 0 1497
    Полициядан лайфхак: Көше алаяқтары қалай əрекет етеді?
    Полициядан лайфхак: Көше алаяқтары қалай əрекет етеді?
    Полициядан лайфхак: Көше алаяқтары қалай əрекет етеді?
    Полиция қызметкерлері халықты көше алаятарынан  абай болу керектігін  ескертеді.
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 11:23 0 251
    «Ақаң бір айда танытқанда, сендер сауат ашуды неге сегіз айға создыңдар?»
    «Ақаң бір айда танытқанда, сендер сауат ашуды неге сегіз айға создыңдар?»
    «Ақаң бір айда танытқанда, сендер сауат ашуды неге сегіз айға создыңдар?»
    Өсті міне ойларың – деп балаға емес, шенділерге айтылып тұрғандай...
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 15:13 0 527
    Нидерландта теракт: Түрік азаматы трамвайға оқ жаудырған (фото, видео)
    Нидерландта теракт: Түрік азаматы трамвайға оқ жаудырған (фото, видео)
    Нидерландта теракт: Түрік азаматы трамвайға оқ жаудырған (фото, видео)
    Трамвайдан жараланған әйел атып шықты, кеудесі, қолы, киімі қанға боялған, құлап түсті.
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 10:10 0 415
    Жыл сайын 6 мың көп балалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі
    Жыл сайын 6 мың көп балалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі
    Жыл сайын 6 мың көп балалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі
    Бүгінгі таңда 25 млрд теңгенің құрылыс жобалар тізімі жасалды
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 10:51 0 144
    Қазақстанға Қытай экспансиясының қатері төніп тұр ма?
    Қазақстанға Қытай экспансиясының қатері төніп тұр ма?
    Қазақстанға Қытай экспансиясының қатері төніп тұр ма?
    Біртұтас «Қазақстан халқын» (кешегі Кеңес халқы «Қытайдағы» жұңхуа ұлты) қалай қалыптастырмақшымыз?
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 15:09 0 600