• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:18:59
Алматы
+35°

24 Шілде, 2017 Саясат

Тбилисидегі шеру: Ресейлік фашизмге жол жоқ

14 шілде күні дәл сол көшеде көші-қон саясаты мен Грузиядағы заңсыз иммигранттарды қудалау мақсатында «грузиндер маршы» өткен.

«Ресейлік фашизмге жол жоқ» - дәл осындай мазмұнмен жексенбі күні Тбилисидің орталығындағы Агмашенебели даңғылында жүздеген адам шеруге шықты. Шеруді ұйымдастырған «Еркіндік қозғалысы – Еуропалық Грузия» партиясы болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Еуропалық Грузия» шеруі өткен орын туристер үшін танымал даңғыл саналады. 14 шілде күні дәл сол көшеде көші-қон саясаты мен Грузиядағы заңсыз иммигранттарды қудалау мақсатында «грузиндер маршы» өткен.

 «Еуропалық Грузия» өкілдерінің айтуынша, олардың шеруі аталмыш маршқа жауап ретінде жасалды. «Грузия – фашизм мен ксенофобияға орын жоқ толерантты мемлекет» дейді шеру өкілдері.

«Бұл шеруге біз бірнеше күн бұрын грузиялық құндылыққа жат позицияны ұстанған топқа жауап ретінде шықтық. Фашизмге жол жоқ. Бұл акция соларға қарсы, сондай-ақ әлгіндей топтардың құрылуына мүмкіндік беретін билікке қарсы ұйымдастырылған», - деді партия басшыларының бірі Серги Капандзе Би-би-си тілшісіне берген сұхбатында.

Шеру құқыққорғау органдарының бақылауында болды. Шерушілер «Еуропалық Грузия» басшыларына шеру өткізуге қарсы болған топтың алдына келгенде, жағдай ушыға түсті.

Қарсы топтың мәлімдеуінше, «Еуропалық Грузия» басшыларының Тбилисидің орталығында шеру өткізуге морльдық құқықтары жоқ. Себебі олар бұрынғы үкімет жанындағы адам құқықтарын бұзған.

Шеру басталмас бұрын «Грузиндер маршы» тобының ұйымдастырушылары алдын алмақ болып, қатысушыларды кері шегіндіруге тырысып баққан. Алайда, бұл әрекеттері нәтижесіз болды.

Полицей қызметкерлері оларды тоқтатпақ болып, қоршауға көшкен. Шерушілер тоқтаған жоқ: полицейлер арқылы бөтелкелер, жұмыртқалар және қызанақтар толастамай ұшып жатты.

Полицей қызметкерлерінің мәліметінше, бірнеше адам жеңіл жарақат алған. Соған қарамастан, «Еуропалық Грузия» шеруі жалғасын тауып, «Марджанишвили» метро бекетінде бірақ аяқталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір