• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:19:48
Алматы
+35°

23 Шілде, 2018 Саясат

Тәжікстанның бұрынғы оппозиционерлері отанына оралып жатыр

Сарапшылар бұрынғы оппозиционерлер шетелдегі өмірдің ауырлығынан, амалсыз отанына оралды дейді.

Тәжікстанда тыйым салынған Исламның жаңғыруы мен "Группа 24" тобының жүзге жуық бұрынғы мүшелері елге оралып жатыр деп хабарлады осы елдің ішкі істер министрлігі (ІІМ).

Олардың дені 2015 жылдың қыркүйек айында генерал Абдухалим Назарзоданың жасаған бүлігінен кейін Ресейге қашып кеткен.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі әзірлеген видеосюжетте елге оралғандар өздерінің қателескендерін, бірақ заңға қайшы қылмыс жасамағандарын, сол себептін биліктің үндеуінен кейін үйіне қайтқандарын мәлімдейді.

Елге оралған "Группы 24" тобының бұрынғы жеті мүшесі қазір оппозициялық қозғалыспен ешқандай байланысы жоқ екенін ресми мәлімдеді. Олардың арасында соңғы уақытқа дейін әлеуметтік желілерде тәжік билігін ашық сынап келген азаматтар да бар.

Сарапшылар бұрынғы оппозиционерлер шетелдегі өмірдің ауырлығынан, амалсыз отанына оралды дейді.

Тәжікстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығының директоры ​Сайфулло Сафаров мемлекеттің қуғындағы оппозиционерлерге қатысты саясаты өзгермегенін айтады. Бірақ ешқандай қылмыс жасамаған бұрынғы мүшелер кез келген уақытта елге орала алады дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір