• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:34:01
Алматы
+35°

Тәжікстан шекарасында 10 күн бойы $23 000 үшін қырғыз кәсіпкерін қинап келген.

Turmush тілшісі хабарлағандай, Ош облысының Кара-Суй ауданының Мады Кара ауылының тұрғыны Ақжол Қалбаевты Тәжікстанның Душанбе қаласындағы үйлердің бірінде 10 күн бойы ұстап отырған. Мәліметтер бойынша, А.Қалбаевты серіктестері қонаққа шақырған. Ол келісімен, оұрып-соғып, аяқ-қолын байлап, оның туыстарынан $23 000 талап еткен.

Қалбаевты тек 29 желтоқсан күні көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарының көмегімен ғана босатып алған. Оны Қырғызстан шекарасына жеткізді.

Ош облысының ішкі істер департаментінің мәліметінше, Тәжікстанның құқық қорғау органдары күдіктілерге тергеп жүргізіп жатыр.

Қалқабаевтың өзі қазір Ош қаласының жекеменшік клиникаларында емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір