• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:20:32
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2018 NEWS

Тәжікстан ҚР дін саласын реттеудегі тәжірибесіне  қызығушылық танытуда

Қазақстандық және тәжікстандық ведомства басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылады

Бүгін Астанада Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Дін істері, ұлттық дәстүрлер, мерекелер мен салт-жораларды реттеу Комитеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Дін істері, ұлттық дәстүрлер, мерекелер мен салт - жораларды реттеу Комитетінің төрағасы Давлотзада Сулаймон қол қойды.

Тәжікстан

Меморандум аясында дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу саласында,  оның ішінде діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу қарастырылған.  

Тараптар өзара қызығушылық тудырған мәселелер бойынша кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастырып, нақтырақ айтқанда деструктивті діни идеологияның және діни экстремизм көріністерінің таралуын болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.

Бұдан бөлек, тараптар бірлескен зерттеулер жүргізу үшін ғылыми-зерттеулермен айналысатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіруде. 

Құжатта тараптар бірлесе өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары шеңберінде дін саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыратындығы көрсетілген. 

Сондай-ақ, Қазақстандық және тәжікстандық ведомства басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір