• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:51:49
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2017 Әлеумет

Тәжікстан ІІМ: Милиционерлер айына бір рет театрға баруға міндетті

Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода құқық қорғау органдарының әрбір қызметкеріне айына бір рет театрға баруды тапсырды, деп хабарлайды

Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода құқық қорғау органдарының әрбір қызметкеріне айына бір рет театрға баруды тапсырды, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай тапсырма ішкі істер министрінің бастамасымен және құқық қорғау мекемесінің орталық аппарат басқармасының толық құрамы өткен аптада Әбілқасым Лахути атындағы мемлекеттік драма театрына барып, «Чархи гардон» тарихи көрінісін көріп қайтқаннан кейін берілген.

ІІМ баспасөз хатшысы Умарджон Умарали театрға бару қызметкерлердің рухани-адамгершілік деңгейін көтереді әрі ауыр еңбек күнінен кейін, шаршағаныңды басады дейді.

ІІМ баспасөз хатшысының айтуынша, ішкі істер министрі тарихи көріністі тамашалағаннан кейін, оның драматургы Нур Табаровқа алғысын білдіріп, қойылым ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысына ұқсайды деп, ай сайын театрға барып тұратынын айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір