• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:25:07
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2014 Саясат

Тайчибековпен сұхбат. Қазақтың атынан сөйлеуге оған кім рұқсат берді?

Жиіркенішті Жириновский елімізге көз  алартуын доғарар емес. Өзінің басбұзар  іс әрекеті, даукеспе мінезімен мезі еткен Жириновскийдің «Қазақстан Ресейге...

     Жиіркенішті Жириновский елімізге көз  алартуын доғарар емес. Өзінің басбұзар  іс әрекеті, даукеспе мінезімен мезі еткен Жириновскийдің «Қазақстан Ресейге қосылғысы» келеді деген  мәлімдемесін (http://newtimes.kz/politika/item/1067-kazakhstan-khochet-v-sostav-rossii-schitaet-zhirinovskij)  кезекті бір  сандырағы деп қабылдап, жазбасақ та болар еді. Алайда, мәселе  орыста емес, өзіміздің қандас бауырымызда болып тұр.  Сондықтан бұл мәселене бей жай қалдыра алмадық.

  Дәл бұл жолы қолымызға  қалам алғызған Жириновскийдің сандырағы  емес,  өз қандасымыз Ермек Тайчибеквтің  «қағынан жеріп»,  Жириновскийға үн қосып, пікір  көсегені.  Ол newtimes.kz  сайтындағы Жириновский туралы  мақалаға Вовканы қолдап пікір қалдырыпты.  Онсыз да  іштерінен  «шоқ-шоқ» деп  отырған орыстар үшін  бұл нағыз іздегенге -  сұраған болды.

   Ермек  Тайчибеков:  «Жириновский Владимир Вольфович бұл жерде  өте  дұрыс айтқан. Менің екі жыл бойын жүргізген терең зерттеулеріме  сүйенсем, Қазақстанның 80% этникалық қазақтары Қазақстанның Ресейге кіріп, бір мемлекет болғанын  қалайды. Басқа ұлттардың көрсеткіші  одан да жоғары. Бірақ,  мына  нәрсені  мойындау керек, әлеуметтік желілерде әдейі қазақ пен  орыс арасындағы ұлттық дүрдараздықты тудыратын ызалы топ  бар. Ал, қарапайым қазақтардың ойы мүлде басқа»,- деп пікір  қалдырған екен.

OglieK-9Zl8Пікірді оқып, Ермек мырзаның өзімен тікелей сөз қатысуға талпындық. Сөйтсек, Тайчибек ұрпағы ВК  желісінде  одан да сорақы жазбалар жариялаған. Тіпті  халықты референдум өткізуге шақырған.    Оның ұзын-ырғасы мынау: «Қазақстан  ашық түрде референдум өткізіп, халықаралық  бақылаушыларды шақыру керек. Мен  20 адамның 17-сі Ресеймен бірігуге дауыс беретінен кәміл сенемін. Бұл айқайшыл ұлтшылдардың аузын жаптырар еді»,- делінген.

   Мұндай оспадар «әңгімелерді» жайдан-жай қалдыруға болмас деп  Ермек Тайчибековтің өзін әңгімеге тарттық.

-           Ермек мырза,  сіз  неліктен қазақтардың көпшілігі  Ресеймен бірігуді қолдайды  деп есептейсіз? Қандай негізге сүйендіңіз?

-          Мен есептемеймін,  нақты  айтамын. Қазақстанда тұрып  жатқан этникалық қазақтардың 80%  саналы  түрде Ресеймен бірігуді қалайды. Мен бірнеше жыл  бойы  зерттеулер жүргізіп келемін.  Қазақстанның  барлық аймағында болдым, тұрғындармен сөйлестім.

-          80% деген көрсеткіш қайдан  пайда  болды?

-          Қазақтардың пікірлеріне сараптама жасадым. Бұл тек қазақтардың ғана  көрсеткіші. Басқа  ұлттармен қосып есептегенде 90-95% барады деп  болжаймын.

-          Халық сіздің мұндай сараптамаңызға қалай қабылдауда?

-          Жақсы қабылдайды. Сондай-ақ, «Однаклассники»  сайтында интерактивті  дауыс беру жүргіздім. Нәтижесін өздеріңіз қарап алсаңыздар болады. Немесе  мына  сілтемелер  бойынша кірсеңіздер  болады:

-          Ал, өз  ұлтыңыз кім?

-          Мен таза  қазақпын.

-          Қазақ ретінде  ұлтыңыздың тәуелсіз болғанын қаламайсыз ба?

-          Мен көптің ішіндегі жалғызбын. Менің пікірім тек бір ғана  дауысқа  ие. Бірақ дерек дерек болып қала  береді. Менің пікірім 80% қазақтың пікіріне сәйкес келеді. Қазақстанды Тәуелсіз ел болып саналмайды. Бұл шартты  түрде  алғанда. Тауыққораға «Банк» деп  жазып қойсаң да, ол тауыққора болып  қала  береді. Қазақстан Ресейге  кірсе ғана,  нағыз суверинетті мемлекет болады.

-          Сіздің дәл осындай көзқараста болуыңыздың бір себебі бар шығар? Мүмкін, сізге әлдеқандай күш ықпал етіп  отыр  ма деген сұрақ туындайды.

-          Жоқ. Неге  менің артымда біреу тұруы керек? Мен өзіммен  өзім өмір сүретін адаммын.

-          Өзіңізді «ұлттың сатқынымын» деп есептемейсіз бе?

-          Айтыңызшы, 80% қазақты қалай сатқын деп айтуға бола ма? Керісінше, нағыз сатқындар Қазақстанның Ресейге  қосылуына  қарсы болғандар. Біздің Отанымыз(Ресей)  өзінің бұрынғы территориясына орнағанын қаламайтындар.  Олар сатқын емес,  сеператистер.

-          Сіздің мұндай көзқарастарыңыз қалай  қалыптасты? Не әсер етті?

-          1991 жылы КСРО  ыдыраған кезде мен трагедия ретінде қабыл алдым.  Менің  Отаным құлады. Бірнешеге бөлініп кетті. Содан бері мен қалайда Отанымды, өз елімді қалпына келтіруді ойлап жүрмін. Мен сеператист емеспін және Россияның жағындамын.  23 жыл бұрын Қазақстан аталған жер байырғы орыс жері, уақытша құзырынан  шығып  қалған Ресейдің ажырамас бөлігі.

-          Қазақстанның болашағын қалай елестетесіз?

-          Мен қазақтың болашағына сенемін. Сауатты, дамыған ел. Бірақ Ресейдің құрамында.

-          Ұлт ретінде Сібір халықтары секілді жоғалып кетеді деп ойламайсыз ба?

-          Әрине, жоқ, Қазақстар Ресейдің құрамында өз дәстүрін,  тілін, мәдениет  сақтай  алады. Дағыстанға қараңызшы, майда ұлттар әлі күнге дейін өмір сүріп келеді. Ресей болмағанда  біз баяғыда құрып  кетуші едік.

-          Бірақ Қазақстан ол ұлттармен салыстыруға болмайды. Біздің тәуелсіздігіміз, табиғи ресурстарымыз, халқымыз, территориямыз  бар.

-          Территория мен ресурс ештеңе шешпейді. Бәрін саясат біледі.

Міне, Ермек Тайчибековпен жауаптасуымыз осылай өрбіді.Сонда бүкіл қазақтың атынан сөйлеп, Тәуелсіз Қазақстанның конституциясын аяққа таптаған Тайчибековке мұндай құқықты кім берді? Біз мұны  Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтан, ҚР ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаевтан сұрағымыз келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әр сөзінде бейбіт, тыныш, еңселі Қазақстанның ең басты құндылығы – Тәуелсіздік екенін айтудан жалыққан емес. Ал жалғыз Отанын айдың-күннің аманында Ресейдің отары болсын деп отырған Ермекке қарсы бар қазақ бас көтеріп, алаңға шықса кім жауап береді? 

Дайындаған Жания Әбдібек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір