• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:18:27
Алматы
+35°

24 Ақпан, 2017 Кәсіпкер

Тәуекел Мүсілім түскен «Бәріне еркектер кінәлі» комедиясының саундтрегі жарияланды

2 наурызда прокатқа шығатын «Бәріне еркектер кінәлі» отандық комедиясының саундтрегін астаналық «Формат» тобы орындаған.  

2 наурызда прокатқа шығатын «Бәріне еркектер кінәлі» отандық комедиясының саундтрегін астаналық «Формат» тобы орындаған.  

«ҚазАқпарат» жазғандай, «Ән махаббат, сұлулық, біздің арулар жайында, әннің жазылғанына көп болды, өзінің сәтін күткен болу керек», - деді автор Қ. Байкенов.

Жобаның продюсері Александр Суслов ротацияға шыққаннан кейін ән елордалық топтың  кезекті хитіне айналатынына сенімді. Астанада түсірілген фильмнің саундтрегін Астанада 10 жыл бұрын құрылған елордалық «Формат» тобы шырқайды. Бүгін оның қатысушылары Андрей Приль (соққыш аспап), Ербол Тасмамбетов (бас гитара), Виталий Юрчук (бас гитарашы), Ольга Джулдиева (пернелі), Иван Ткаченко (бағдарламалау және гитара), Гүлсiм Мырзабекова (вокал) және Қайрат Баекенов (композитор, әнші, топ жетекшісі). Топтың саз қоржынында 100-ден астам авторлық әндер бар. 

Еске салсақ, «Бәріне еркектер кінәлі» көркем фильмі ерлер жоқ әйелдер әлеміне кіріп кеткен үш жігіт жайында. Фильмге белгілі актерлер түскен: Тәуекел Мүсілім, Мұрат Бисенбин, Жәния Джуринская, Сая Оразғалиева, Данияр Алшинов, Наталья Наумова, Әсел Әкбарова және т.б. 

,

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір