• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:47:09
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Тасмағамбетов шешен жігітін қалай жазалады?

Ойыма он шақты жыл бұрынғы үлкен қасірет түсіп отыр.

Бес бірдей сәбидің өлімі есеңгіретіп тастады. Ойыма он шақты жыл бұрынғы үлкен қасірет түсіп отыр. Астаналық ер азамат сапарға кетіп қалғанында бүкіл отбасы-келіншегін, үш баласын қанішерлер өлтіріп кеткен еді. Танымайтын адам болса да  мекен-жайын тауып алып, көңіл айтуға бардым. Кісі қарасы көп екен. Бір сәтте қала әкімі Иманғали Тасмағанбетов бастаған топ келді. Жігітке қазақ салтымен көңіл айтты. Аза тұтқан азаматты Иманғали Тасмағанбетов те танымайды екен. Сонан соң жанындағы қызметкерлеріне қайғы жұтқан азаматты жүгіртпей жерлеу рәсімдерін түгелдей ұйымдастыруды тапсырды. Жұрттың көзінше қала ІІД бастығына оқиғаның анық-қанығын журналистерді жинап, жасырмай айтып беруді міндеттеді. Сол жерде білгеніміз-күдік осы үймен араласып жүрген кәріс жігітіне түсіпті. 

Расында да, кешкісін ІІД журналистердің басын қосып, кәріс жігітті қылмысты мойындағынын жанында бір шешен жігіті болғанын, мұның Шешенстанға қашып үлгергенін хабарлады.

Әдетте шет елден қылмыстыны қайтару ұзаққа созылатын шаруа. Бұл жолы ұзамай-ақ шешен жігітті Астанаға алып келгенін көрсетті. Тергеумен шұғылданған інішектерді танушы едім. Жай-жапсарын сұрадым. Еңбек Иманғалидікі екен. Шешен басшысы Рамазан Қадыровқа Имекеңнің өзі тікелей шығып, қылмыскерді ұстап беруді талап етіпті. Қашқынның кінәлі екеніне өзі кепіл болыпты. Рамазан «Сіз куәлікке жүрсеңіз, Сіз өтінсеңіз еш әңгіме жоқ» деп тығылып жатқан қанішерді ұстатып, бізге тапсырыпты.

Астанадағы бес сәбидің қасіреті осы оқиғаны еске түсірді. Салыстырып отырмын. Кім, қандай, өзі?

Камал Әбдірахман парақшасынан алынған

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір