• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:17:17
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2019 Әлем

Тарихтағы ең алғашқы 16 суретті көріп пе едіңіз? (фото)

Инстаграмда жарияланған ең алғашқы суретті көріп пе едіңіз?

"Фотография" термині ХІХ ғасырдың басында пайда болды. Алайда, камера-обскур туралы мәлімет біздің эрамызға дейінгі 4 ғасырда кездеседі. Демек, фотографияның тарихы тың тереңде жатыр. Мысалы, тарихтағы ең алғашқы суреттен бастап тіпті Инстаграм желісінде ең алғашқы салынған суретке дейінгі фотографияның тарихы қызыққа толы. Дәл сондай суреттердің тарихи маңызы да зор.

Ендеше, Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына фотография тарихындағы ең алғашқы 16 суретті ұсынады.

1.Тарихтағы ең алғашқы фотография (1826 немесе 1827 жыл)

ең алғашқы сурет

Авторы: Джозеф Ницефор Ньепс. Айқын көрінбесе де, бұл сурет терезеден қарағандағы сырттың көрінісі.

2. Ең алғашқы портрет (1839 жыл)

ең алғашқы сурет

Немесе ең алғашқы селфи десе де болады. Авторы: Роберт Корнелиус. Бұл кадрды түсіру үшін Робертке бір минуттан көп уақыт бір орында тапжылмай тұруына тура келген. 

3. Нью-Йорктың ең алғашқы суреті (1848 жыл)

ең алғашқы сурет

Жоғары манхэттен жақтың дагеротипі  — Нью-Йорктың сақталған ең көне суреті. Бұл сурет 2009 жылы акционда  62500$-ға сатылды.

4. Айдың ең алғашқы суреті (1840 жыл)

ең алғашқы сурет

Авторы: Джон Драпер. Сурет Нью-Йорк университетінің обсерваториясының шатырынан түсірілген.

5. Адамдармен түсірілген ең алғашқы сурет (1839 жыл)

Ең алғашқы сурет

Авторы: Луиз Дагуэр. Жоғарыдағы аталған атауымен қатар (алайда, суреттен адамдарды бірден табуы қиын), бұл Париждің ең алғашқы суреті. 

6. Ең алғашқы әскери сурет (1870 жыл)

ең алғашқы сурет

Авторы: Карол Сатмари. Ол Қырым шайқасының жүздеген суретін түсірген. 

7. Ең алғашқы президент суреті (1843 жыл)

ең алғашқы сурет

Суретте Джон Квинси Адамс, АҚШ президенті. Сурет авторы: Филип Хаас.

8. Күннің ең алғашқы суреті (1845 жыл)

ең алғашқы сурет

Суреттің авторлары: француздық физиктер Луиз Физо мен Леон Фуко.

9. Торнадоның ең алғашқы суреті (1884 год)

ең алғашқы сурет

Бұл көріністің Канзас штатында түсірілгеніне таң қалатын түк те жоқ. Авторы: А. А. Адамс.

10, Әуеден түсірілген ең алғашқы сурет  (1860 жыл)

ең алғашқы сурет

Бұл 600 метр биіктіктен түсірілген Бостонның көрінісі. Авторлары: Джеймс Уоллас Блэк пен Самуэль Арчер Кинг.

11. Алғаш рет айдан түсірілген Жердің көрінісі (1966 жыл)

ең алғашқы сурет

Сурет 1966 жылдың  23 тамызында орбиталық кемеден түсірілген.

12. Ең алғашқы түрлі-түсті сурет (1855 жыл)

ең алғашқы сурет

Авторы: физик Джеймс Клерк Максвелл. Бұл ненің суреті деп ойлайсыз? Түрлі-түсті лента. Басқаша атауы атақты тантан лентасы. 

13. Ең алғаш суастында түсірілген түрлі-түсті сурет (1926 жыл)

ең алғашқы сурет

Авторлары: National Geographic фотографы Чарльз Мартин мен ботаник Виллиам Лонглей. Бұл қабан балықтың суреті.

14. Ең алғашқы сандық сурет  (1957 жыл)

ең алғашқы сурет

Ең алғашқы сандық сурет көпшілік күткен уақыттан да бұрын пайда болды. Кодак фирмасының сандық фотокамерсы пайда болғанға дейін бақандай 20 жыл бойы Расселл Кирштің ұлының суреті түсіріліп келді. Ең алғашқы сандық суреттер сканерін ойлап тапқан да дәл сол Расселл Кирш.  

15. Мысықтың ең алғашқы суреті  (1880-1890 жылдар)

ең алғашқы сурет

Дәл қазір көріп тұрған мына суретті мысықтың ең алғашқы суреті дейді. Ол 1880-1890 жылдары түсірілген деседі. Авторы: жануарлар мен суретті жақсы көрген Гарри Пойнтер.

16. Инстаграмдағы ең алғашы сурет (2010 жыл)

инстаграмдағы ең алғашқы сурет

2010 жылдың 16 шілдесінде ең атақты суреттермен алмасуға ыңғайлы қосымша Инстаграм желісінің тең құрылтайшысы Кевин Систром желіге ең алғашқы суретті салды. Дәл осы қосымша арқылы қаншама жануар әлемге әйгілі болғанын білесіз бе? Алайда, Инстаграм желісіндегі ең алғашқысы дәл осы Систром атты ит болды. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір