• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:07:25
Алматы
+35°

13 Маусым, 2017 Фото-баян

Тарихта қатігездігімен есте қалған диктаторлардың әйелдері қандай нәубетті бастан кешірді

Қазіргінің адамы өткен ғасырдың диктаторларын адамгершілік, мейірімділік секілді қасиеттерден ада адам ретінде қабылдайтыны анық. Тарихқа үңілсек,...

Қазіргінің адамы өткен ғасырдың диктаторларын адамгершілік, мейірімділік секілді қасиеттерден ада адам ретінде қабылдайтыны анық. Тарихқа үңілсек, диктаторларды көптеген әйелдер шын сүйіп, ғашық болған екен. 

Иосиф Сталиннің әйелі  — Надежда Аллилуева

Иосифом Сталин әйелін өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген. 16 жасында Надя жас революционерге ғашық болады. 1917 жылы екеуі революция жасауға қатысады. Бір жылдан кейін олар үйленді.  Алайда олардың қарым-қатынасы дұрыс болмады. Әйел өте қызғаншақ болған екен. Ал Сталин қызғандыруға көп жол беретін деседі.

Адольф Гитлердің әйелі  — Ева Браун

17 жастағы Ева Браун Гитлермен 1929 жылы Мюнхенде танысқан. Сол уақытта ол фотоательеде жұмыс істеп жатқан. Бастапқы кезде жұмысына жиі келгіштеп жүрген адамның кім екенін білмеді.

Олардың арасында махббат оты тез лаулады. 40 жастағы Гитлер қызға күнде жылы сөздер айтып, сыйлық сыйлайтын. Кейде екеуі киноға барып, бірге кешкі асын ішетін.

Гитлердің тойы туралы ешкім ештеңе білмеді. Ева Браун ресми кездесулерде ешқашан Гитлердің әйелі ретінде таныстырылмайтын. Гофманның сөзінше, Гитлер Браунды тек жақсы адам ретінде ғана қабылдаған екен.

Бенито Муссолинидің әйелі — Ракеле Гуиди

Ракела қарапайым шаруалар елінде дүниеге келген. Болашақ күйеуімен 1910 жылы танысқан. Бұл неке диктаторға бақыт әкелмеді. Бенито мен Дальзер неліктен ажырасқаны белгісіз. Барлық құжаттар жоқ болып кеткен. Ал диктатордың бірінші әйелі психиатриялық ауруханада миына қан кетуден қайтыс болған.

1915 жылы Бенито екінші рет Ракелаға үйленді. Олардың бес баласы болды. Бенитоны өлтіргеннен кейін ол күйеуінің денесін қайтарып беруді сұрады.

Фашистік режим құлағаннан кейін Ракела Италиядан қашуға тырысты. Алайда италияндық партизандар оны ұстап алды. Бірнеше ай өткеннен кейін оны американдықтар босатты.

Кейінірек Ракеле өз мейрамханасын ашты, Муссолинидің өмірі туралы кітап жазды.

Дайындаған: Сабина Рамазан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір