• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:42:16
Алматы
+35°

01 Қазан, 2018 NEWS

Тарихшыларға ұшық

Сонау бұрын Қазақтың шаруасын, ұлттық сипатын,ұлт болып қалыптасқан мәдиниетін, ұлт ықпалын білдіретін әкімдігін бөгде ақылмандар қанық білген бе?

Сонау бұрын Қазақтың шаруасын, қоғамдық жүйесін, ұлттық сипатын,ұлт болып қалыптасқан мәдиниетін, ұлт ықпалын білдіретін әкімдігін бөгде ақылмандар қанық білген бе? Біле алмаған. Себебі, олар өздеріне тән тіл – ділі бар сырт халық азаматтары, екінші бір елдің әлемін анық білуі мүмкін емес. Оның үстіне, Қазақ Орта Азияны Батысынан асыра билеген бай да қүдіретті жеркөк мемлекет болған; Пұта – бүріне дейін ырықты, айналасындағылар тұсынан–ақ тартынып өткен. Осы зорнарық  Қазақ баласына аймақ  (өлке) аттаса руын, бектік аттаса тайпасын, ұлыс аттаса бектігін, ел аттаса ұлысын айтатын ерлік мінез сыйлаған. Түгел ұлт беделін өз әулетінің абыроймен білдіріп тартынбай мақтанатын,жалпы Қазақсыз – ақ бір өзі татып сойлетін табиғат қалыптастырған. Сондықтан, «Қазақ» деген атау ешкімнің құлағына өзге тұрмақ қазақтың өзінен де тимей, кезіндегі әлімдер әрқандай қазақи қауымдық өмірді төте атауымен есктелікке түсірген. Әрі,бұрынғы естеліктер бүгінге жеткенше не қысым заманның самалы тиіп,тілі мен үлгісі өзіндік өзгеріп қойғаны да болмыс. Бірақ, бұл жәйіттерді сезсе де елемеген кейінгі тарихшылар Орта – Батыс Азия  тарихын онан ары күнгірттеп жіберген. «Арап – Парсы шығыс Еуропадан батыс Сверияға дейінгі ұлан қайыр өмірді күмәния немесе дешті қыпшақ деген» деп тұрып, атауларды Қазаққа жолатпай зерттеген. Амалятта, мұндағы атаулардың бары қазақша. Сверия (Свер үя) - елсіз тусыған дүт мекен. Күмәния «күмән үя»  иелікке енді өткен,әлі толықтай бекемделіп болмаған шығыс Еуропадан батыс Сверияға дейінгі қаратып алған жаңа қоныс. Дешті қыпшақ (десті ғұн + сақ) - тізе қосқан жахангер қазақтың екі ұлысы...      

 

Тарих – ұлтша даму амал ниет әрекет күшімен дамыған. Мемлекет – ұлтша құдіреттену амал ниет әрекет күшімен пайда болған. Бұл сепкүй көз қараспен үңілсек, әсілі, орта-батыс Азия халқы тарих намасын арада жоғалтып алғандай. Өйткені,тарихи дерек пен естеліктер ғажайып танытқан халықтың тарихнама жасамауы мүмкін емес. Соған көңілі жеткендіктенде,өркениетшіл әлімдер жалпы орта – батыс Азия «Түрікпіз» деп, береке туыстық мұратқа шақырады. Ұлттық жахандану қас зорауанға берік қамал дайындап,жауға қарсы алыпнұқ  күш танытады. Ал,жоғалғандығы себепті кей біреулер ұлтының «абыройлы» тегін бөлініп іздейді. Ең алдымен көркейген халықпыз дегендей дара көрінгісі келеді. Олар адам баласының ие – сүйенішсіз түк маңдымайтынын ұмытқан. Қашанда тәуелсіз күйге негіз – алдынғылар қанға сіңірген қаһар рух пен жанға сіңірген шұғыла білім. Егер, сонша ұшан шекмекен бір тілді, бір тұлға құдіреттенген ел болмаған болса,кейін ыдырап тозған ұлыстар қан жолын қууды білмес еді; Тұтас халықтың өткені ғылымсыз ыңғай көшпенді өмір болса,бөлек – шалғай жасаған жерлерінде бүгін бір-бір мемлекет бола алмас еді. Әрине,сондай өмір тәртіптерін тарихшылар әділ мойындамағандықтан,еш біреуінің ой өрісіне ру – тайпадан үлкені сыймады. Мақтаныштары мың жылдың ар – жақ бер жағындағы мың түтіндік қаған (жарлықтан қалған азғын) дардан аспады. Ең сорақысы, бәз мәздер Қазақ даласындағы тұрақсыз шылдің үйіріндей ру – тайпаларды ата – бабамыз деп, оларды ұлы жаhанның иесі атап даурықты. Бірақ, десе де бәрінің де еңбегі негізссз айтылмаған, бұрын орта – батыс Азия да бөлек–бөлек хан болғандығы шындық болатын. Гап, ғалымдардың ортақ тілекпен зерттеу белсенділігі аздығынан, сол хандардың қоғамдық бірлігі қамдаспады. Барлық ұлыстарды жақ–жақ қырқыстырмай ымыраға келтіріп, адамзат өркениетінің шырқау шыңы – құл, жетім, жесір, қайыршы болмайтын ақтірлік қоғамын жаратқан аса парасатты әкімият әйгіленбеді. Сөйтіп, жұрт болмаса хан, хан болмаса бірлік, тәж болмаса тұтастық болмайтын тарих заңы ақиқатталмады. Сондықтан, бұл мақала мына мәдиниет құндылықтарын ерекшелік жүйесімен жете таныуға ұшықтайды. Тарихи аңыз бен жазба қауымдық намыс жаратқан мәдиниет, тарихи дәулет пен мекен ұлттық рух жаратқан мәдиниет,тарихи дәстүр мен өмір халықтық болмысниет жаратқан мәдиниет.

Ендеше, ертеде Қазақ үздік халық болып батыс оң Азиялықтар қызғын араласқан. Ішкі сауда мәдениетінен әр беріп, өздеріне адами мәдиниеттен  әр ап тұрған. Екі жақты бірдей ебімен арбап, шәр жолын жүйелі қалыптастыруға себі тиген. Сөйтіп, әр ап – арбап жүріп қазақи ар жұқтырған олар, ақыры, қазақша «Арап (Қазақ ол дәуірде жалпы батысоңдықтарды арап дей салатын)» атанған. Араптықтар орта-батыс Азияның әр қандай қауымынан жамандық көрмей шамағат жүрген соң, Қазақтың әулет – әулеттерін өз ата атымен сыйлап хатқа түсірген...

 

Қазақ жерінің рапайсыз кеңдігі, алыс шекарадағы елдің тарқақтығы қылқай пысықтарына бас мәртебе сыйлап тұрған «шекара тыныштандырушылар» шеттегі ру тайпаларды дәрменсіз тағы, басынуға татитын иесіз (әкімиясіз) тобыр деп мәлім деп үйренген. Тегін шалқитын ауқат жаратқан. Оның үстіне, Қазақтың қандай да сөзі олардың құлағына удыл кірмей, дұрыс түйсік бермей, мәліметтер шалғайдағы сарайға түзу жетпеген. Келте тілді ақылман хатқа түзу түсіре алмаған. Бәлкім, әр реткі соғыс мәніне тура келген ұрандар (ұлы аруахтың рухы немесе беті жасырыла қоймаған ұғыланның кек жігері) сол қауым атына кеткен де шығар... (Қытай жазбаларына аса қырағылықпен қараған жөн!)

 

Қалбан–қалбан етіп орта Азияға маза бермеген бір ұлт жасаған. Ол – ұшарын жел, қонарын сай білетін қаңбақ (көшпенді қалмақ). ШаҺар – қалаға анша қызықпайтын түз мінезді, шығыс сол табының атаманы. Дала заңы аса күшті қалыптасып,жау жүректігімен қазаққа ата жау болған. (Қазақ баласының күні бүгінге дейін үйге ұдылдап шапқанды «үй – и есер қалмақ!» деп лағынаттайтыны содан) ақыры, тарихи өштіктен қазақтар бар күшімен бір кездері оларға лап қойған. Осы орайда, Шыңғыс хан (Шың қысқан) қалмаққа есесі кеткен барлық ұсақ ұлыс – ұлттарды қазақ қамқорына ала ерлікке қайрап,жалпы қосынды «мұңғыл!» (мұң қыл! қалмақты мәңгі бас көтере алмастай ет!) деген ұранмен қаҺарландырған. Айыбы, бұл Теміршін (нағыз құрыш) жеңісті ғана мақсат санап, жорықта жуынуға да уақыт берми, кедергі кәрісін тастай-тастай салған. (Мұңғылдың «құтым кетеді» деп жуынбайтыны, «бейішке барсын» деп әлі азайғанды жемтік қылатыны әне сол Шыңғыс хан рухы. Әсілі, соғыс амалниеті еді). Ал, оның мұндай қаракеттері Қазақ қылықтан аусай көрінгенімен дәуір парасаты болмақ, ол ұлы өркениет жаратқан. Яғни,жараты әлемді біріктірген. Үздік мұраты – дүние халқының бір ыңғай дәстүрлі,бір тұтас мүдделі болуын көздеген. Амал қанша, басқан жерін гүлдендіруге мұршасы тимей өтіп, біріктірген соң үлгі жасауға үлгермей кетіп, Қазаққа «ұқсамайтын» қан құмар Пайғамбар (бай қам бар )атанған. Әр ақылман әр саққа жүгірткен...

 

Тоқетері, бұрынғы қандай ақылман болса да еңбегі өте зор, орта батыс Азия тарихының сұлбасын білдіріп кеткен. Өкінерлігі ең керекті ұлы есім – «қазақты» бәрі де біле алмаған. Не қазақ әкимятының арғұн естеліктері қалмаған, не халықтың тарихын сақтап қалу мүмкіндігі болмаған, өүті–мүті тоғыз ғасыр төпештелген қалдық мұра қазақты ешкім елемеген. Сол жәйіттерден жақын ғасырдан бергі тарихшылар шамасы жетпей жаңылып жатты. Орта батыс Азия – аттан түспейтін жабайылар беріде ғана ру-тайпа болған түркі тілділер деп қана түйді. Азған қазақтар төл әкимятты жоқ қылғанымен қоймай, тек қуған қазақтарға неше ғасыр бойы қалам – қағаз көрсетпегенін бірде – бір жан ойламады. Құры, тек қуған қазақтар есін жиып болмай, баяғы жалғыз татып сойлейтін мінезімен бөлініп сойледі. Өзге тарихшылар да қарап тұрмады, бір қысым күліп тұрып бөлісіп жіберді. Аяғы, қазақ мүлде болмаған болып, Абылай хан әлемді бір жолда мойындатқандықтан амалсыз сол тұсқа жасап қойды. Ал, Абылай хан тарихшылары ақыр заман көрген қазақтың көп сөзі адасып, өзгеріп, ұмытылып қойғанын түсіндіре алмады. Орта батыс Азия халқы түрлі биге қарап, жанбағыс пен тілдерін түрлі бейімдеп, сиыр бүйрек болғанын тіпті де айта алмады. Сонымен, жарты әлемді ақтірліктендірген қазақ, бекерден бекер, өзгенің қолымен озық мәдениеті – ұлыттық негізі жоқ жәй көшпенді ру тайпалар болып таныстырылып жатты!...

 

Қазақша қожа мәні – өктем,нәсір (тәсір) мәні – ықпал. Демек, Қожанасыр мәні – өктем ықпал, қазақи тәмсіл тәлім насихат. Бірақ, тарихшылар ол тұрмақ, ата-бабасына нан болған соқаны да қазаққа бұйырмайды. Шекмекен сыртындағылар ала келіп,басынып тұрып істеткен сыңай білдіреді. Бір ойдан обалда жоқ қазаққа, ру – тайпа – бектік – ұлыстарын өкіріп айтамын деп атын жоғалтқан. Тегіне тартар, назды ноқай, әзер пай – пай жаны,қара қалпақты бас құт, сөзі ақ,... деп, жанай атауды әдет қылған. Бүкіл Азияны жайнатып мақтандырған баласын – тәж биік,көрші мәдениетіне махаббатын таусатын баласын – түрі күмән, әлемнің ой – қыр мәдениеті жасаған баласын – ойғыр, бір бармағын бұлып дараланып тұратын баласын – өзі бек, тексізге (ұйғырға) ұтылып жүрсе де және соған қызығатын баласын – қыр қызы,....деп таңбалап тастаған. Әуелі, өзіне жау тура келмеген соң асқан өркениет шыдатпай, өздері мүйіздесіп, қазақ шежіресін Отырармен бірге жоғалтқан. Бұған не дерсің? Бірақ, ол заманнан кеткен ағаттық! Парасатқа өте ерте жеткен халық  Отырардың ту мен рухынан айырылмаған. Қиындықта мұжылып жүрсе де кірлетпей Абылай ханға жеткізген. Әрине, Абылайхан қазақтың құдіретіне әлемнің көзін жеткізіп журегімен сүйгізген!

 

Қазақ жазуды ерте тапқырлаған,дәірге жарай дамыта да білген. Мысалы, соғда (өрден төмен сорғалайтын соқта) жазуы соңында мұңғыл тіліне сәйкестірілген. Ал, тілі – өңі, тілінің мәні құны болатын. Бағы тайып жазуы адасты да тілінің сыры үлеске тарап,сыны өзіне қалған. Ойлашы, жан мен тілдің сыны – әдеп, үміт пен тілектің өркені - ниет, ар мен ұжданның жолы – аят деп ертеде білген қазақтан басқа ұлт барма?! Қазақ ғана әдептен ажар, ниеттен мұрат, аяттан негіз жаратып, ақтірлік қоғамын орта батыс Азияға тұтас жалпыластырып үлгерген. Адами негізбен қожа билік  - әкім аят (әкімият) жүргізіп, халыққа сая және сый негізі бар саяси аят (саясат) қолданған. Күшті нықты сан ат (ықтысад) пен қамқор құрлымы – мәмле әрекет (мемлекет) ұстаған. Жарты әлемді мәнді ниетімен (мәдениетімен) үйіріп, өркен ниетімен (өркениетімен) түгел тәнті разы еткен. Әдепниет, қисапниет, көркемниет, денниет, туғынниет, болмысниет, озғынниет, ...сияқты білімдерді тым бұрын жандандырған. Сөйтіп, алуандүр мәдениетімен қазақ тілін барлық қоңыр жүзге сіңіріп жіберген осы заманғы ағылшын тілі ұқсас. Мәдениет шоқыларынан айтар болсақ, қазақ сол кездің өзінде-ақ қылтамаққа кісі бермеген; Құдай қайда дегенге көңілде деп жауап берген; Маймылды өз алдына бөлек мақұлық танып, адамзатты әуелгі адамкиіктен дамыған деген... Амал не, тарихшылар ары да «қазақ» дыбысталмаған соң құлыптас,тағы басқа деректегі жазу таңбаларын шатаға айналдырды. Қазақтың тіл мәдениетіне ой жүгіртпей, құдасын «құдай» көретінін, «құрбандық» беріп жеңістік алатынын, қонақтаған құс  тәрізді дәнді «қонақ» дейтінін ұқпады. Тек, қалы әбден кетіп болған болсада теңдессіз ерлік көрсеткен мұндағы аз қазақ ықпалына бажырайа қалды. Отырардың туы мен рухына қызарақтап ғажаптанды. Ұлы жеңістің негізін мойындауды ар көріп, әрі қызғаныштан ебі қашып, қазақ атауын додаға салды!

 

Меніңше, додашылар доданың мәнін «мәдениетін» білмесе керек, көкпар мен көкперді шатастырып төркіні – көкбөрі деп бала болды. Іс жүзінде көк періштелер мекені, бөрі қасқырдың түсі. Көкбөрі қазақ келіндерінің Қасен, Қастер, Қастей, ... деген қайын үлкендерін «жай бөрі»деп тергей алмай, «көкбөрі» деп құрметтегеннен тілге кірген атау. Көкпар пар-пар жігіттен шығарып, жігіттерді айла–икемге, аттарды жарау – местікке машықтыратын қазақша озғын аламаны. Көкпері көкпар аламанын думандатып аяқтайтын той, кәрі – жас демей дереу көкперісін ұстатып, көкперді (лақты, намысты) өзге ауылға жібермеуге жанын салдыратын өлермен дода. Көкпар да көкпер де көкперіге табынғаннан туған сана. Сондықтан, Жәнібекке көрінген көкбөрі ұғымы да қате. Ол өзінің күші, көкжал көкбөрісі, иесі. Қаһар танытқанды «көкперісі ұстады», аламанда артық көзге түсетін жанды «көкперісі бар», «көкперім ұстамай тұрғанда жоғал!» - дейді қазақ. Шоң улық, шоң батыр, шоң әулие, ... тұқымын «көктің тұқымы» (зыты көктен жарлаған) деп қәдірлейді. Ал, қас – қырғыщ қазаққа қаншалықты қәдірлі еді, өштіктен өлтіріп терісін жамылады. Ұяты жоқтықтан пайдакөс жұлымыр болғанды кектеніп тұрып «қасқыр!» дейді әуелі. Сонда додашылар атқа мініп көрмеген,әншейін додаға қызынып кіріп кеткендер тәрізді, қазақты көріп жүріп танымады. Онанша күн бойы жыйлмайтын дәстарханға үңілсеші. Өйткені, қазақ дастарханы ешбір жанның меншігіне жатпайтын бөлінбеген енші, барлық тұтыну арнасынан асып жатқан байлықтан пайда болған, кезіндегі гүлденген ақтірлік заманның куәсі. Бірақ, додашылар «дас» ұйғыр тілі, қазақша «шылапшын, даңғыра», «тарқан» қыпшақ тілі қазақта жоқ тіл, - деп тұрақтандырып болған. Осылайша ұлы өркениеттің берекесін қашырып, тарихқа қиянат жасайды. Құр куедемен бөлініп, бөріге (қасқырға) қарай жүгіреді. Әмілиятта, дастархан әуелгі қалпын сақтап жеткен тарихи дәлел. Бұл дұспанның да кекқасым – пейілімен ұмыттыратын Абылай хан мұрагерлері өзгермеген себепті, ең болмағанда «ас дархан» болыпта өзгермеген. Демек, дастархан ұйғырдың тезі, қыпшақтың тұқыйаны қазақтың байырғы атауы.

 

Қазақ шежересін (шешім ережесін) бәйтерекке (алып ағашқа) балап өркендеткен. Жапырақтар ұсақ пұтақтарды көркемдейді, ұсақ пұтақтар жуан пұтақтарды негіз етіп көрсетеді,жалпы алып тұлғаны жер астындағы тамыр қорғайды,тамыр көп саланың бірлігімен құнын сақтайды. Оның мәдениеті (мәні) барлық ата түгел тармырлас болсақ (бір тұтас ұлт болсақ), тірлігіміз көктем шуақты  бахар болады дегені. Елу жылда ел жаңарып, шежірені  заңды түрде реттейді. Кіріккен жуан пұтақ өте қошеметтеліп тамырға енгізіледі, қазақтың байтақ марқасы атанады. Марқаға өз қонысын жайлатып кең-бай қазақ байағыда ерулік апарған. Әлбетте,мұндай қарекет ірі елдің қуаты,билік ұстайдың негізі. Бұл парасатты мұратқа жеткізген телегей білім мен телегей байлық қалыптастырған әділетті ақ ниет, қазы әрі ақ халықтың үкімі. Ендеше, бейбіт тірлік байашатты бейпіл өмір сыйлайтынын дүние тарқында қазақ  ғана дәлелдей алған. Жауын бірлігімен жасқап, дұспанын ақтығымен достастырып, пейілімен қатарын мұңайтқан. Білсең қазақтың заң ережелері кемеңгер қазының дарыны,қарапайым халықтың еріккүйі. Заманнан жаңылмай қашан да ақ таразы ұстанған биәділ орта батыс Азияға әкімият болғаны ақиқат. Қазы,ақ атауын додаға салатын ешкімнің хақысы жоқ, неше мың жылдың алдында сүйінгеннен тарих даңық қылған болатын. Ал түрік атауы жалпы адамзатты ұстарамен – ақ екіге айырған (бүрік – түрік деп)  қазақылық Мұхаммедке әл болғанда шыққан. (Шар – төрткіл дүние,и – и,хат – ұлы тәртіп. Демек, шәриғат – төрткіл дүниені берекеге иетін үкім. Кейде Мұхамметтіде қазақ деп қалам). Енді қазақтың толық мойындалған тұсын мынадан ұқ: Қазақ өртеңмен ( өрт дөң немесе күзет тұрар. Қазір ұйғыр халқы тұрар дейді) ішкі бірлігін «мақтана» берген соң, Қытай «ұялып» ішкі берекесіздігін қанды қорғанмен қалқалаған.

 

Сол дәуірде қазақ тірлік өмірдің ең ұлы мәнін – үй (бәрін жи), үй басқанды ортақ үлкен үй, енші берілгенді бұлтақ отау үй атаған. Үй ұстағанды – семья (сенім ұя), ақылман қартты – қария (қара ұя), ақылман ананы – дәрия (дара ұя), сап сатарды – сарт (кейін бедек болды), ас өнерліні - аспаз, егіншіні – дихан (дүй хан), тігіншіні – ісімер (кісідер), асыл зерлеушіні – зергер, өнерге қол – шәкіріт ұстаса – ұста (алай-бұлай ұста), сахына адамын – әртіс (әр түс), жын қуарды – бақсы (бақшы, ес болшы), болжамысты – әулие (әуел иле), тәлімгерді – ұстаз (ұста тараз), даугерді – шешен (шеш сен), ұлы іс басын – көсем (күн сен), атойшылды – батыр (жоқ қыл), дәрігерді – емсек (ем-сеп), дінни қайраткерді – қәзір ет (табанда и) ,оқығанды - сауатты, тума қабілеттіні  - зиялы (зиын әлі,энергиясы талант), төкпе ақынды – жырау ( жыры ау), жазба ақынды – шәйір  (кіршіксіз иір), шежірешілді – бұйдагер (бұйда меңгер), сызбашыны – сая аят (саят), жазушыны – ұлағат (ұлан хат), (музыка) күй жыр ниеттіні – күйкүн, ағартушыны – мұғалім (нұқ – мұғ әлім), ұтымкүш ниеттіні – шебер (тақылдатып шегелер,көне айланы шегерер), кісі шыға алмас құламаны ( ғұламаны) әлім (әлі ілім), ғылым қуғанды – ғалым (қалы – ғалы ғылым), - деп ардақтаған. Тіпті түрлі күлкіге қалып жүретін томағы ( том аға) жанды қызыққа көтермелеп, әпенде (әр пенде) деп өз алдына бір төбе көрген. (Қожанасыр бір пенде емес, әр пенде). Демек, қазақ әрқандай азаматын құрметтеуді дәстүрге айландырған. Бар халқы бір-біріне өнеге болуға құлшынып, ақтірілік рух мүддесін шыңдап өткен. Топ – жікке бөлінбеген. Барлық ақыл билігін қарияға (дәрияға) ұстатып, кемелді ерік күй заңын қалыптастырған. Содан да болар үлкен – кіші, ер-әйел, ұл-қыз, түгел өз сипаттармен киіну, сөйлеу, тамақтану, іс-әрекет жасау мәдениеттерін ризалықпен атқарған. Сөйтіп, бар үй мөрәл тәртіпті болған соң тұтас ұлттың бірлік санасы кісілікке жүгініп, тірлік мәдениеттері ұлылықпен оздырылған. Киім,тамақ, пана, тіл, әсер, күйжыр, озғын, ... сыйақты бар білім мүлде кедергісіз дамыған.

 

Сол дәуірді қазақ қысым тіленген қауымды - тәшкіл (тәсқыл, аяма), ық сұранған қауымды-иза (изе), ыңғай кәсіп-шаруа қуған қауымды – мәлі (мәні – әлі), сан-салалы кәсіп-шаруа қуған қауымды – кент (кен тініт,бәрі бар кеңір арала) ,-деп атаған. Тәшкіл мен иза қыстаққа (қыс-мықты ұста, тақ-тұрақ, мекен) қарап, қожа мен төре билеген. Мәлі мен кент ауданға қарап, әкім мен қазы билеген. Қыстақтар өлкеге (өл ке) қарап, ұлық (ұлы ұқ) пен басқақ (текте) билеген. Аудандар аймаққа қарап, уәли (ұлы әл и)мен тұтық (шорт тілді) билеген. Аймақ – өлкелер  бектікке,бектіктер ұлысқа, ұлыстар хандыққа қараған.

 

Сол дәуірде ыңғайлығын сақтайтын қазақтардың ауылы үш жүз түтіннен кем болмаған. Оны арқандай іске шұғыл жұмылдыра алатын қатал адам басқарған. Мәртебесі (мөр төбесі)-зәңгі (заң мәңгі). Елмен етене жүріп, күнде – күнде бірлікке шақырудан жалықпайтын тағы бір адам болған. Мәртебесі – күнде (әсілі ақыл). Бір қанша зәңгі ауылының жоғарғы тегін ер-әйел демей мықты шыққанның атымен, көбінесе ел сүйініп түйген атымен атаған. Оны көреген бай басқарған. Жау тисе ру-рулап жасақ аттандыруға дайын. Мәртебесі – болыс (қарап тұрма. Әсілі, ақыл сақшы). Ақылақшының хабар тілегін жеткізіп шапқылап жүретін кәтіп болған. Мәртебесі – шабарман (далақбай. Ертеде ялма – ұйалма делінген). Ақылақшының сенімді ақыл қол қанаты, оқымысты әрі алға басар ауаншыл тақуа болған. Мәртебесі – маңпаң (жүр мырза). Бір қанша рулардың арғы текті атасын (анасын) рухи медет етіп, тайпаны (тайпа, тайса, жалтар. Көшіп –қон) сол кісінің атымен (түйген) сыйына атаған. Оны түтін саны мен мырзасы көп беделді рудан шыққан білікті адам басқарған. Мәртебесі – сұлтан ( бедел киімді, салтанат жүрісті сұлу тән). Тайпада: орда, әскер, би, қазырет, жырау, ... болған. Амандыққа машайық (мәш шайық)жауапты болған. Бір қанша тайпалармен әлгі аймақ – өлкелерді жүйелі қамдастырып, елге берік қамал болатын әкімиятты – бектік (беріктік) деген. Оны зиынды,көп оқыған адам билеуі шарт. Мәртебесі – бек  (өте бекем). Бектікте: қала (әскери қорық), қорғаныс әскер, қалың қол, жамбыл, қожалық, бәж, ... болған. Мұнда әскерді баспақ (аманда),қолды сақаба (сақа баба) басқарған. Бір қанша бектікке үкім билік жүргізіп,мемлекет тұтастығы сынды ұлы істі атқаратын үкіметті – ұлыс (ұлы іс) деген. Ұлысты ұлы жұрт иесі – хан билеген. Ұлыста: шаһар, әрмия (арын ұя), хан сарайы, әмір сарайы, шат сарайы, шор сарайы, тудың сарайы, апа сарайы, тегін сарайы, бойла сарайы, баға сарайы, ... болған. Әрмияны маршал (марқа шал) басқарған. Барлық хандардың біріккен дәулетін (дәу әулетін,республикасын ) - хандық деген. Хандық жосын бойынша жалғасып тәж (тәж – ұлт көркі, патша – батысша мемлекет иесі) билеген. Хандықта тәж ордасы, бұйрық ордасы, тамғашы ордасы, япғо ордасы, әрмия ордасы, аділия ордасы, ақылия ордасы, қазына ордасы, салық ордасы, сауда ордасы, ... болған. Және де бір жайыт, әлем «сақшысы» болған халқын – сақ, қанға-қан жанға-жан деумен құн қуалаған халқын – ғұн (құн), хандықтан бет бұрып адасқан халқын – жарлықтан қалған (қаған) деген.

 

Қазақ ұлыстары көбейіп, іргесі шексізге айналып, Азияның орта батысын бір–ақ меңгерген. Өркениеті жерінің жаратылысмен елінің біріккен ерекшелігіне жарай өзіне қаратып үш бет (үш партия) жасаған. Ағарыс – білім құмар жүз, бекарыс – базар құмар жүз,жанарыс-майдан құмар жүз делінген. Осы үш жүз береке бірлікте мәдениеттерін барынша дамытып байытқан. Әсересе, Жібек жолын жүйелі мәдеинеттестірген. Салық нарқы сұлу қыз болмаса жібек кірмейтін, салық нарқы дұрыс тілек болмаса жібек бармайтын. Сондай – сондай ықпалдан батыс пен шығыстың тілі, салты, құрлысы, ... уақыт өте парықтала бастаған. Соған бола іргелес ұлттармен үздіксіз қақтығысып, батырлардың қабыр үйіндісі көбейе берген  шығыс халқын үйсін (ерлікке үйсе үйсін) деп атаған. Іргелес ұлттарды шапағат қатынаспен үйірген батыс халқын – найман (айман,образ) деп атаған. Бірте –бірте қазақтың бар ұлысын осы екі ірі елге қаратып, мәңгі отырар дегендей Отырар шаһарын салған. Бар елім арқауын – асын тана ғып тағар дегендей оны астана еткен.

 

Өмір тоқтығы берекелі молшылықтан,берекелі молшылық іргенің кеңдігінен, ірігенің кеңдігі ақыл парасаттан келеді. Көңіл әрең шарлайтын даланы тау, өзен, шөл бөліп жатса, бөлінген жерде мықты-мықты бектік-ұлыстар бөлек тұрса, ағатсыз билеген әкімияттың  шың басына шығып тоқтағаны нақ. Яғни батыста рахат жыр, шығыста ерлік зар себепті, өте асқан өркениет Шыңғысханды қаһарына мінгізген...

 

Тер мен кір Шыңғысханды қинағанда, ата кегін ұмытпайтын Қытай уағында  алтын табытпен айғайлаған.мұның жөні бар сияқты. Елін қуантып ояту үшін алдын ала қаза жариялағаны босла керек. Қалмақ еңбек таба алмағандай алтын табытты қазақ арбамен тым ұзаққа сүйреген. Мұныңда жөні бар сияқты. Өйткені, бұл кезде атқа қонған (шапқан) жалпы халықтың тіл –ділі қайнасып, «мұңғыл» ұраны әлемді жастып біткен. Дәуір «ұлы жойқын жаһангер мұңғыл халқы!» деген ат беріп болған. Сондықтан, әлемдік тұлғаны ата жауға мойындауды өлім санап, қалмақтар әлсіреген жанды «жосынмен»жөнге салған. Қашанда ұжымға ие жүретін әулет қайтып үлгенгенше,қаралы олармен халық разы боларлықтай амал әрекет жасаған.  

 

1-Гүлденген ұлттың ұрпағы болмаса қылтиғанның басын,тығылғанның тілін кесіп қағынған өте зор күштен дәрмені қалмаған тұқымдық мұрагерлер кегін қалай қайтарған!? «Төлем күт, төріңдегі ит» терді асыл топырығынан қалай қуып шыққан!?

 

2-Болымсыз мұрагерлер мың жылға таяу бөтен тілді, қарсы діндегілерге бағынып келседе,  тілін бытыратып – ұмытып азайтып алсада, бүгінгі ғылым екпініне тіл мәдениеті қалайша сәйкесіп жатыр!?

 

3-Кезінде қазақ мемлекет, үкімет, армия, орталық  шаһар, қорғаныс қала, азарият шәр, әділия, түрлі байлық – қазына, түрлі кәсіп-шаруа құрып жаратпаған болса, онда олардың аты, мәні, құны тозып жүрген тау-тастағы азғантай мұрагерлердің сауатсыз тілінде несі бар!? Тағы боп кеткен елде «қазы, ақ» найманның тіптіде несі бар!? Гәп, қазақ сөзсіз парасатымен қазы атанған,ақтығымен ел үйірген, мүрәлімен езу–езілуді ұмыттырған аса үлгілі жеркөк шұғыла мемлекет болған!

 

Қортып айтқанда, аққазы атандырған өркениетті ардақтамаған ұрпақтары болмаған, сүйініп қабылдамаған көршілері де болмаған. Бірақ, бұлқан-талқан замандар халықтың бұлқан-талқанын шығарып,қазақ үлгісін ұмыттырып қойды. Әсілі, ұмыттырған жоқ, мұрагерлерді күрсіндіріп, өзге қоңыр жүзділерді намыстандырып тастады. Өйткені, олар бөлек-бөлек заман өткізсе де, бөлек-бөлек мәдениет жарата алмады. Сол себепті өткен дүниеге үлгі, бүгінгі дүниеге зәру биәділді додалап жоғалту арманын бәрі де мұрат санайды. Алайда, алтын қашан да алтын!!!

Әділ Саматбек

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір