• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:44:24
Алматы
+35°

25 Шілде, 2018 Аймақтар

Тәртіп сақшылары Алматы автобазарларында рейд жүргізді

Алматы тәртіп сақшылары заңсыз сауда нүктелерін анықтау үшін қаладағы ірі автобазарларына рейдке шықты

Алматы тәртіп сақшылары заңсыз сауда нүктелерін анықтау үшін қаладағы ірі автобазарларына рейдке шықты.

Бүгін таңертең «Жібек Жолы» автобазарына тәртіп сақшылары рейд жасады. Базарды полицейлер мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері қоршауға алып, оның аумағына ешқандай көлікті кіргізбеді. Әскерилер базар аумағынан шыққысы келген әр көлікті егжей-тегжейлі тексеріп шықты. Сондай-ақ, мұндай рейд қаладағы екі базарда біруақытта жүргізілді. Рейдке 2 мың адам жұмылдырылды.

«25 шілдеде қаладағы қылмыстық жағдайлардың қалпына келтіру үшін  Алматыда жедел профилактикалық  шаралар өтті. Базардағы саудагер де сатып алушы да тексеруден өткізілді. Басқа мемлекеттен келгендердің жеке басына қатысты тексеру жұмыстарын жүргіздік. Көші-қон туралы заңнаманы бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік жаза қолданылады. Олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Жалпы жұмыс 29 шілдеге дейін жалғасатын болды», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, автобөлшектер сататын сатушылардың сауда жүргізуге лицензиясы тексеріліп жатыр.  Саудагерлер ұрланған заттарды сатпайтындарын айтты. Олардың айтуынша авобөлшектерді дәл осы күйінде қоймадан алдырады екен.

«Nissan-ның екі айнасы бар. Мен оларды қоймадан алдырдым. Ұрланған айналарды ұсынатындар бар, өз басым алмаймын»,-деді базар саудагері.

Базар басшысы Ағзам Ибрагимовтың сөзіне қарағанда, саудагерлер ұрланған заттарды сатқан күнде олармен арадағы келісім шарт бұзылады.

 «Ұрланған бөлшектерді сатып алушыларды ұстаған жағдайда, олармен келісімшартты бұзамыз. Өткен жылдан бастап осындай ереже сақталған. Айналамыз толған ұрлық-қарлық. Менің де айнамды біреулер ұрлап кеткен»,-деді Ағзам Ибрагимов.

Алматы полициясы рейд жұмыстарын 29 шілдеде қорытындыламақ. Алайда, қазірдің өзінде аралық қорытынды нәтижелері бар.

Сатушылардың көпшлігінде тауардың заңдылығын растайтын құжат жоқ. Олар мұны сауда нүктесінің қожайынының жоқтығымен түсіндіреді.

Сондай-ақ, рейд барысында кәмелетке толмаған балалар жұмыс жасайтын бірқатар сауда орны анықталды.

Енді олардың  ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылатын болады.

Рейд кезінде журналистердің көзінше көлігіне есірткі жасырған ер адам ұсталды. Белгілі болғандай, ол полицияның күдігін туғызған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір