• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:23:36
Алматы
+35°

17 Тамыз, 2017 Әдебиет

«Тарымның» тақсыретін 20 жыл тартқан баспагер Қабаев өмірден озды

17 тамызда көрнекті әдебиеттанушы, баспагер, ақын Тәліпбай Қабаев өмірден озды.

17 тамызда көрнекті әдебиеттанушы, баспагер, ақын Тәліпбай Қабаев өмірден озды. Бұл туралы Филолгия ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Үрімжі қаласынан бозала таңмен бірге жанды боздатар қаралы хабар жетті. Қазақ руханияты ауыр қазаға ұшырады. 
Көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, әйгілі баспагер, Шынжаңдағы қазақ руханиятының қатепті қара нары Тәліпбай Қабаев бүгін (17.08.2017) таңертең мәңгіліктің кемесіне мініп, бақилық мекеніне аттанып кетіпті. 
Т. Қабаев 1935 жылы ҚХР Текес ауданында өмірге келген. 1957 жылы Шынжаң институтының (қазіргі Шынжаң университеті) филология факультетін бітірген. Университетті бітіргеннен кейін жолдамамен қазіргі Шынжаң жастар-өрендер баспасына редактор болып жұмысқа тұрады. Күллі саналы ғұмырын қазақ баспасөзіне арнаған, "мәдени төңкеріс" жылдарында "Тарым" лагерінің тақсіретін аттай жиырма жыл тартқан ол, ақталып келгеннен кейін осы баспадан демалысқа шыққан болатын. 
Марқұмның отбасы, бала-шағасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз! 
Ағамыздың жаны жәннатта, иманы жолдас болсын!», - деп жазды Мәсімханұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір