• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:42:13
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2019 NEWS

Тәрбиешінің басын жарған балабақша директоры 40 мың теңге айыппұлмен құтылмақ

Ақтаудағы «Айналайын» жекеменшік балабақшасының директоры тәрбиешілердің бірін соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылды.

Ақтаудағы «Айналайын» жекеменшік балабақшасының директоры тәрбиешілердің бірін соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мекеме басшысы Гүлжанат Мұратбайға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Соттың анықтауынша, 14 ақпан күні сағат 17:00-де «Айналайын» балабақшасының директоры тәрбиешінің көмекшісі У.-мен сөзге келісіп қалып, ыдыспен басынан ұрып жіберген. Солайша, денсаулығына жеңіл зардап келтірген. Директордың кінәсі медициналық сараптаманың қорытындысымен және оқиға куәгерлерінің сөздерімен дәлелденді», - делінген соттың хабарламасында.

♦Ақтауда балабақша директоры тәрбиешіні қанжоса етіп сабап тастады

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») 1-тармағына («Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») сәйкес, соттың шешімімен балабақша директорына 37 875 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір