• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:28:09
Алматы
+35°

10 Тамыз, 2018 NEWS

Тараз қаласында жаңа оқу жылында 320 орындық IT-лицейі ашылады

Жамбылдық оқушыларға 1 қыркүйектен бастап жаңа IT-лицейінде ақпараттық технологиялар оқытылатын болады

Тараз қаласында жаңа оқу жылында 320 орындық IT-лицейі ашылады.

Жамбылдық оқушыларға 1 қыркүйектен бастап жаңа IT-лицейінде ақпараттық технологиялар оқытылатын болады.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов «2018-2020 жылдарға арналған цифрлық экономика үшін адам капиталын дамыту жол картасына» сәйкес жамбылдық жастардың білім сапасын жақсартуға аса қатты көңіл бөліп отыр.

«Ағымдағы жылы, Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 7-11 сыныпта білім алатын оқушылар үшін облыстық мамандандырылған IT-лицей-интернатын ашуды жоспарлап отыр. Ол жерде оқушылар жаратылыстану бағытындағы математикалық пәндерді, робототехниканы, ақпараттық технологиялар мен дизайн және бағдарламалауды тереңдетіп оқитын болады. Білім алушылар мен мұғалімдерді іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі. Мектеп 320 оқушының білімін ақпараттық технологиялар саласында тереңдетуге бағытталған», – деді Жамбыл облысының білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова.

Облыстық білім басқармасында хабарланғандай, ақпараттық технологияларды оқыту облыстың көптеген қалаларында, аудандарында да белсенді түрде жүргізілуде. Робототехника сыныптары бар мектептердің 30% -ын қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 353,4 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Өңірде орта және жоғары сынып оқушыларының робототехника дағдыларын дамытып, терең білім алуы үшін көптеген мүмкіндіктер жасалған.

«Нұр Отан» партиясы, STEM академиясы және білім беру бөлімі бірлесіп робототехниканың 120 сыныбын ашуда. Ол үшін облыстық бюджеттен 404 млн. теңге бөлініп отыр. Жаңа сыныптарда оқушылар веб-бағдарламалау туралы негізгі білімді ғана емес, сонымен қатар веб-дизайн мен 3D-модельдеудің сырын жетік түсінуге қабілетті болады. Облыстың барлық аудан орталықтарында, сондай-ақ Тараз қаласында мектеп бағдарламасынан тыс IT-сыныптары бар», – деп атап өтті Р. Тұрмаханбетова. Сондай-ақ, Жамбыл облысының басшылығы тарапынан мектептерде робототехника үйірмелерінің ашылуына көп көңіл бөлінген. Онда қатысушылар өздерінің ғылыми-техникалық, шығармашылық қабілеттерін, инженерлік ойлау қабілеттерін, 3D-модельдеу дағдыларын дамытады. Облыстың алты оқу орталығында робототехника бойынша үйірмелер жұмыс жасап тұр.Байзақ, Жуалы және Жамбыл аудандарында жас жеткеншектердің ой-өрісін нығайту мақсатында арнайы жоба іске асырылды. Өз кезегінде мұндай үйірмелер мектеп жасындағы жеткеншектердің бағдарламалауды үйренуге қызығушылықтарын арттырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір