• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:56:39
Алматы
+35°

25 Шілде, 2018 Әлеумет

ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Серік Сәпиев танымал спортшы Денис Теннің кқше бұзақыларының қолынан қаза болуына байланысты жеке оққағар мәселесін көтерді деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі kaztag.info-ға сілтеме жасай отырып. Олимпиада чемпионының айтуынша, еңбегі елге елеулі спортшылардың жеке оққағарлары болуы тиіс.  

"Аталмыш мәселені ең жоғары деңгейде көтеруіміз шарт. Заңнамада бұл қарастырылмаған. Тек мықты, дәулетті шенділерде ғана жеке оққағар бар» дейді Серік Денис Теннің өліміне күйіне отырып. Сапиев сонымен қатар Денис Тен сияқты трагедиялық жағдайда қаза болған спортшыларды білетінін жасырмады.

«Ертең не болаты бізге аян емес. Шаршы алаңда тұрғанда да о дүниелік болып кетуің мүмкін. Денис сондай жақсы адам болатын. Періштедей еді. Үнемі күліп жүретін. Дарынды. Денистің қандай адам екендігін суреттеп беретіндей теңеу, көркем сөз таба алмай қиналып жатырмын» деп сөзін аяқтады депутат.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір