• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:05:18
Алматы
+35°

04 Қараша, 2018 NEWS

Танымал қазақстандық каскадер қайтыс болды (видео)

Қасым Жұмағожин гимнастика, таеквондо, трамплинг, рэтчет, ат акробатикасы, фехтование, садақ ату сынды спорттың бірнеше түрін меңгерген.

Танымал қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожин қайтыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 34 жастағы Қасым Жұмағожиннің неден қайтыс болғаны белгісіз. 

«Біз үшін ауыр қайғы. Қайтыс болғанын бүгін күндіз естідік. Қасымның туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз» деді Евгения Ли. 

Қасым Жұмағожин гимнастика, таеквондо, трамплинг, рэтчет, ат акробатикасы, фехтование, садақ ату сынды спорттың бірнеше түрін меңгерген. Спортты гимнастика бойынша спорт шебері. Ол Ижевскте өткен, цирк өнеріне арналған халықаралық фестивальға қатысып, “Алтын аю” мәртебесін иеленген.

Қасым Жұмағожин каскадерлік жолын 2005 жылы «Көшпенділер» фильмінен бастаған. Кейіннен көптеген отандық фильмдермен қатар шетелдік фильмдерге де түскен. 

  • «Волкодав из рода Серых псов» (2006), режиссер Николай Лебедев (Ресей);
  • «Меч Махамбета» (2006), режиссері Сламбек Тәуекел (Қазақстан);
  • «Код апокалипсиса» (2007), режиссер Вадим Шмелев (Россия);
  • «Рэкетир» (2007), режиссері Ақан Сатаев (Қазақстан);
  • «Мұстафа Шоқай» (2008), режиссері Сатыбалды Нарымбетов (Казахстан);
  • «Прощай, Гульсары!» (2008), режиссері Ардақ Әмірқұлов (Қазақстан);
  • «Секер» (2009), режиссері Сәбит Құрманбеков (Қазақстан);
  • «Байқоңыр» (2011), режиссері Файт Хелмер (Ресей, Германия, Қазақстан);
  • «Конан — Варвар» (2011), режиссер Маркус Ниспел (США);
  • «Семь майских дней» (2011), режиссер Ермек Тұрсынов (Қазақстан, Ресей);
  • «Вендетта по-русски» (2011), сериал, режиссер Олег Туранский (Ресей);
  • «Жаужурек мың бала» (2012), режиссері Ақан Сатаев (Қазақстан);
  • «Неудержимые-2» (2012), режиссер Саймон Уэст (США);
  • «Джокер» (2013), режиссері Талгат Жәнібеков (Қазақстан);
  • «47 ронинов» (2013), режиссер Карл Ринш (США);
  • «Ограбление по-казахски» (2014), режиссері Қайыржан Орынбеков (Қазақстан);
  • «Марко Поло» (2014), сериал, 1 сезон, режиссеры Дэвид Петрарка, Джон Мэйбери, Даниэль Минахан (США);
  • «Весь мир у наших ног» (2015), режиссері Саламат Мұхаммед-Әли (Қазақстан, США);
  • «Анаға апарар жол» (2016), режиссері Ақан Сатаев (Қазақстан);
  • «Викинг» (2016), режиссер Андрей Кравчук (Ресей);
  • «Коловрат» (2017), режиссер Иван Шурховецкий (Ресей);
  • «Тобол» (2018), режиссер Игорь Зайцев (Ресей);
  • «Балуан Шолақ» (2018), режиссері Нұргелді Сәдіғұлов (Қазақстан).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір