• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:56:18
Алматы
+35°

09 Қазан, 2018 NEWS

Танымал футболшыға тағылған айып пен "Реал Мадридтің" қастандығы

Футболшының сөзіне сүйенсек, Реал Мадридтің президенті бұл қастандықты әдейі жасап отыр.

Әлемдік футболда ойып тұрып орын алатын аты дардай Криштиану Роналду мен америкалық сәнбике Кэтрин Майорганың арасындағы дау әлі күнге дейін шешімін таппай, одан сайын шиеленісе түсті. Жақында Роналду адам сенгісіз мәлімдеме жасады. "Ювентус" футбол командасы мен Португалия ұлттық құрамасының ойыншысы  өзіне жабылған жала бұрынғы командасы "Реал Мадридтің" қастандығы екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек "Реал Мадрид" футбол клубы мен Роналдудың арасындағы түсініспеушілік желтоқсан айынан басталған болатын. Бұған "Реал Мадрид" футбол клубының  салыққа қатысты мәселесі кезінде Роналдуға қолдау көрсетпеуі себеп болды. Кейін футболшы өз еркімен "Ювентус" футбол клубына ауысты. Роналду "Реал Мадридте" 9 жыл бойы 292 ойында өнер көрсетіп 311 гол салған. Кетер алдында Роналду өзінің жанкүйерлеріне "Бұл менің қалауым, маған түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенемін", - деп мәлімдеме жасады. 

"Ювентус" футбол клубынан кеткеннен кейін "Реал Мадридте" Роналдудың орнын кім алмастырады деген сұрақ пайда болды? "Реал Мадрид" футбол клубы Криштиану Роналду кеткеннен кейін оның орнын алмастыратын ойыншы іздей бастады. Бірақ ауыз толтырып айтатын ойыншы көзге түспеді.

Ал жақында күтпеген жерден америкалық сәнбике Кэтрин Майорга 9 жыл бұрынғы жайтты негізге алып, "Роналду мені зорлады", - деп ашық мәлімдеме жасады. Бұған дейін бұл жайтты айтпауына Роналдудың берген ақшасы себеп болыпты. Кейін америкалық бикештің адвокаты "Маған Роналдудың зорлық көрсеткенін айтып бірнеше қыз хабарласты", деп мәлімдеп, Роналдудың жалғыз Кэтрин Майоргаға емес, тағы бірнеше қызға зорлық көрсеткенін айтқан. 

Ал танымал футболшы марапаттаулардың болмауына, «қыз зорлады» деген жаланың өршуіне және Чемпиондар лигасынан шеттетілуіне "Реал Мадрид" клубының президенті Флорентино Перестің қатысы бар екеніне сенімді. Футболшының сөзіне сүйенсек, Реал Мадридтің президенті бұл қастандықты әдейі жасап отыр. 

Сонымен бірге ол Ювентус командасының ойындарына толық дайындала алмай отырғанына қапалы екенін жеткізді.

Ал Ювентус командасының баспасөз хатшысы танымал футболшының басына түскен бұл жайтқа байланысты былай деп пікір білдірді:

«Криштиану Роналду соңғы айларда өзінің кәсібилігі мен өз ісіне бар жан-тәнімен берілгендігін көрсете білді. Мұндай қасиеттерді «Ювентус» бағалай біледі. Он жыл бұрынғы оқиға біздің танымал футболшыға деген көзқарасымызды өзгертпейді. Ұлы чемпионмен араласатын, жақсы танитын адамдардың барлығы осындай пікірде».

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір