• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:40:30
+35°

29 Қыркүйек, 2018 Әлем

Танымал футболшы Роналдудың басы дауға қалды (фото)

"Мен Роналдуға  түнді бірге өткізгім келмейтінін айттым. Алайда ол менің "жоқ", деп айтқаныма қарамай мені зорлады", дейді Кэтрин.

Танымал футболшы Криштиану Роналдудың басы дауға қалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Америкалық Кэтрин Майорга немістің Der Spiegel журналына ашық мәлімдеме жасады. Америкалықтың сөзінше, Роналду осыдан 9 жыл бұрын Кэтринді зорлаған. 

Ал Роналду болса, төсек қатынасының екі жақтың қалауымен жүзеге асқанын айтады. Оның сөзінше, қыз бұндай қадамға ақша табу үшін барып отыр.

Қазір Португалия құрамасының капитаны Роналду неміс журналын жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа бермек. Шетелдік БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, 2009 жылы Роналду Кэтрин Майорға бұл ақпарды жұртқа жария қылмауы үшін 375 мың доллар берген. 

Skudetto Sports өзінің әлеуметтік желісіне Роналду мен Кэтриннің Лас-Вегастағы би кешінің бірінде түскен суреті мен қыздың болған оқиға туралы айтқан мәлімдемесін жариялады. 

"Мен Роналдуға  түнді бірге өткізгім келмейтінін айттым. Алайда ол менің "жоқ", деп айтқаныма қарамай мені зорлады", дейді Кэтрин.

роналду

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір