• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:09:18
Алматы
+35°

01 Қыркүйек, 2018 Әлеумет

Танымал айтыскер 44 жасында қайтыс болды

Бұл туралы айтыскер Балғынбек Имаш өзінің инстаграм парақшасына жариялады.

Танымал айтыскер ақын Салауат Исақаев 44 жасында қайтыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы айтыскер Балғынбек Имаш өзінің инстаграм парақшасына жариялады. 

Салауат Исақаев Атырау облысы Құлсары қаласының тумасы. 

 

Барша айтыссүйер қауымға қаралы xабар айтуға тура келіп тұр. Алаштың ақпа ақындарының бірі, 90-жылдары студент жастар арасында өткен Республикалық ақындар айтысында Бас бәйгені жеңіп алған үш ақынның бірі, Атыраудың ақтаңгері, Құлсарының бел баласы - Салауат Исақаев атты аға-дос, замандасымыздан айырылып қалдық. Алланың бұйрығы жетіп, дәм-тұзы таусылып, аманатын тапсырған ақиық ақынның ажалына жол бойындағы көліктің қағып кетуі себеп болған екен.?? Небәрі 44 жыл жасаған Салауаттың талай әңгімелері, жыр-термелері, әзіл-оспақтары, айтыстағы айтқан айшықты шумақтары есіме түсіп, жаным күйзеліп, тынысым тарылып, жүрегім қан жылап отыр. ?? Ақын досымыздың отбасына, жұбайына, балаларына, және өнерін бағалайтын барша қауымға қабырғамыз қайысып, қайғысына ортақтасып көңіл айтамын! Алла мейіріміне алсын, бақұл бол, қымбатты Салауат дос!

Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_imash)

"Барша айтыссүйер қауымға қаралы xабар айтуға тура келіп тұр. Алаштың ақпа ақындарының бірі, 90-жылдары студент жастар арасында өткен Республикалық ақындар айтысында Бас бәйгені жеңіп алған үш ақынның бірі, Атыраудың ақтаңгері, Құлсарының бел баласы - Салауат Исақаев атты аға-дос, замандасымыздан айырылып қалдық. Алланың бұйрығы жетіп, дәм-тұзы таусылып, аманатын тапсырған ақиық ақынның ажалына жол бойындағы көліктің қағып кетуі себеп болған екен.
Небәрі 44 жыл жасаған Салауаттың талай әңгімелері, жыр-термелері, әзіл-оспақтары, айтыстағы айтқан айшықты шумақтары есіме түсіп, жаным күйзеліп, тынысым тарылып, жүрегім қан жылап отыр. 
Ақын досымыздың отбасына, жұбайына, балаларына, және өнерін бағалайтын барша қауымға қабырғамыз қайысып, қайғысына ортақтасып көңіл айтамын! Алла мейіріміне алсын, бақұл бол, қымбатты Салауат дос!", - деп жазады Балғынбек Имаш.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір