• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:09:14
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2019 NEWS

Танымал актер: Сенің туған балаң сау емес. Енді мен кешірім сұрауым керек пе?

"Осы баланың қиыншылығы соның басына түспесе, Әминә деген атым құрысын"

"Келинка Сабина” фильмі арқылы көпшілікке танылған  Жан Ізбасарұлы сал болып туған баласы мен әйелін тастап кеткен. Бүгінде ол 4 жасқа келген баласын іздемейді, ешқандай көмек көрсетпейді. Алғашқыда алимент төлеуден де бас тартқан. Құзырлы органдар соңынан түскен соң ғана міндетін орындай бастаған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайында Жанның бұрынғы әйелі Назгүл “Астарлы ақиқат” бағдарламасында баяндап берді.

Назгүлдің айтуынша, бұрынғы күйеуі де, оның ата-анасы да үш жыл ішінде баланы іздеп келмеген. Оның жағдайына да мүлде алаңдамаған. Қазіргі уақытта актер алимент төлеп тұрады екен. 1 жыл ішінде бергені 114 мың теңге.

“Қанша қиыншылықтан өттік. Сол кезде қасымыздан табылған жоқ, өкінішке орай”, – деп күрсінеді Назгүл.
 

Ал баласына көмектесуден бас тартқан әкенің айтқаны мынау болды: Мен оған бәрін бердім. Үй бердім, той жасадым. Келген күнінен бастап киіндірдім. Кез келген дәрумені, дәрісі бар ма, жемісі бар ма, қалағанын алып бердім. Мандарин, банан, анар дегенді жәшікпен алып келетінмін. Менен талап етілетін нәрсенің бәрін бердім. Бірақ, сенен туған бала сау емес. Енді мен кешірім сұрауым керек пе? Не үшін? Менің кінәм не? Мүмкін кінәрат менен шығар деген ой болған, бірақ олай емес. Одан кейін менің сап-сау балам дүниеге келді. Баланы жасайтын кезде қыдырдым да, достарыммен сыра да іштім.

ДЦП дертіне шалдыққан балаға бүгінде Назгүлдің анасы қарап отыр, ағасы да барынша қол ұшын беріп тұрады. Назгүлдің өзі құрылыс компаниясында жұмыс істейді. Әріптестері мен компания басшылығы баланың ем-домына көмектесіп, керек кезде түсіністік танытатындығын айтып ризашылдығын білдірді Назгүл. 

Назгүлдің өзі 8 жасында әкесінен айырылған. Ал анасы Нұржамал алғашқыда оның актерге тұрмысқа шығуына қарсы болыпты. Алайда Жан Ізбасар қызының қыр соңынан қалмаған соң, келісуге мәжбүр болған. 
“Қызым тұрмысқа шығамын, жігітім бар" деді. Ол кезде қызым қалада жұмыс істеп жүрді. Жігіт үйленеміз деп, оны жұмыстан да шығартып алды”, – дейді анасы. 

Жан Ізбасар ажырасқан соң баланы өзіне қалдыруға ұсыныс жасағанын айтады. 

“Асырай алмаса, мен алайын дедім. Кейін артық әңгіме болмас үшін бас тартсын дедім”, – дейді актер.
Назгүлдің анасы мен оның құрбысы актердің бұл сөзін растап отыр. Алайда Жан баланы алғаннан кейін, оны арнайы интернатқа өткізбекші болған. Сондықтан да Назгүл де, оның анасы да бұған келіспеген. 

Анасының айтуынша, баланың еміне айына шамамен 370 мың теңгедей ақша кетеді.  Балаға бүгінде вертикализатор, ортопедиялық үстел, миын дамытатын заттар мен дәрумендер керек.

"Ұлының қиыншылығы әкесінің басына түспесе, Әминә деген атым құрысын"

Жанның берген сұхбатын көрген бағдарлама сарапшылары оның өте төмен деңгейлі адам екенін атап өтті. Әйелі мен баласына алып берген киімі мен тамағына дейін сөз еткен еркектен қайыр жоқ екенін де айтты. Бала 1 жасқа келгенге дейін отбасына қамқор болғанын Назгүлдің өзі де жасырмайды. Алайда ұлы екеуі дәл бүгін көмекке зәру. 

Бұл орайда “Перзент” балалар үйінің төрайымы Әмина Тәжібаева қиналып отырған анаға көмек көрсететін болды. 

“Менің үйіме келші, шет мемлекетке апарып емдетейін. Осы баланың қиыншылығы соның басына түспесе, Әминә деген атым құрысын. Аққан судың да сұрауы бар. Бұл да бір Алланың сынағы, сендер оны бірге өтулерің керек еді. Бір бөлмені анаң екеуіңе беремін. Сауд Арабиясына барамыз. Мынадан күдеріңді үз, бұл адам емес. Бұның көретіні әлі алда. Ананың көз жасы жібермейді”, – дейді Әмина Әжібаева . 

Қоғамда бұл жағдайдың орын алуына кім кінәлі?

"Бұл жерде қазір біз ең өзекті мәселеге тап болып отырмыз.  Сондай Жан секілді балалардың  тәрбиеленіп шығып жатуы — Әкелер мектебінің осал екендігін көрсетеді. Жауапкершілігі жоқ, ер - азамат ретінде пісіп жетілмейді. Үлкен қоғамдық деңгейде қарауға міндетті мәселе деп ойлаймын. Тәрбие басы бесікте екенін ескерсек бұл патриотизмнің  түбі отбасында, отбасы осындай болатын болса онда мұндай адамнан  патриотизді де ұлтжандылықты да көре алмаймыз" - деп пікір білдірді психолог Ділдә Сақтағанова

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір