• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:20:31
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2018 Саясат

Талғат Аян бостандыққа шықты

Талғат Аянның өтелмеген мерзімі (үш жыл бір ай және 16 күн) бас бостандығы шектелу жазасына ауыстырылып, пробационалдық бақылауда болады.

Белсенді Талғат Аянның (Аянов) жазасы жеңілдетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ақтөбе қалалық № 2 соты Талғат Аяновтың бас бостандығынан айыру үкімінің өтелмеген жазасын бас бостандығын шектеу жазасына алмастыру арызын қарастырды. 

"Сотқа арыз берілген 2018 жылы 15 наурызда Т.Т. Аянов ҚР Қылмыстық кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша кесілген жазаның үштен бір бөлігін өтеген. Тәртібі дұрыс, жазасын өтеу барысында бекітілген тәртіпті бұзбаған, тәртіптік шараларға тартылмаған, қайта жақсы жақтарымен көрінген тұстары болған. Ол еңбек пен өткізілген шараларға белсенді түрде қатынасқан, тәртібі бірінші деңгейлі жақсы деген баға берліген, жазасын өтеу жеңілдетілген шарт бойынша өтеген. Ақтөбе қалалық № 2 соты 2018 жылы 13 сәуірде сотталушының арызын қанағаттандырды", - делінген сот баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сот мәліметінше, Талғат Аянның өтелмеген мерзімі (үш жыл бір ай және 16 күн) бас бостандығы шектелу жазасына ауыстырылып, пробационалдық бақылауда болады. 

2016 жылы Атырау қалалық № 2 соты Талғат Аянды ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру", "Көрінеу жалған ақпарат тарату" және "Заңсыз жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация немесе өзге де заңсыз жария іс-шара ұйымдастыру, өткізу не оларға қатысу, сол сияқты үй-жай, байланыс құралдарын, жабдықтар, көлік беру арқылы осындай іс-шараларды ұйымдастыруға немесе өткізуге жәрдем көрсету, егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулi зиян келтiру" бойынша сотталған. 

Талғат Аян мен тағы бір белсенді Макс Боқаев жалпы режимдегі колонияда өтеуге бес жылға сотталған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір