• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:15:09
Алматы
+35°

21 Наурыз, 2019 Аймақтар

Талдықорғанның басты көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Талдықорған қаласының ең ұзын әрі басты көшесі бұрын "Тәуелсіздік " деп аталған

Күні кеше ғана  тағайындалған жаңа мемлекет басшысы Қасым-Жамарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша,  Алматы облысының орталық қаласының басты көшесіне Қазақстанның тұңғыш президенті, «Халық қаһарманы» атағының иегері  Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Талдықорған қаласының ең ұзын әрі басты көшесі бұрын "Тәуелсіздік " деп аталған. Оның жалпы ұзындығы 6,8 км, ені 16-18 м.  Көше   қаланың бір шетінен екінші шетіне дейін жалғасады. Оның бойында қаланың ең көрікті нысандарымен тарихи ескеркіштері орналасқан.

Атап айтар болсақ, қазақ билеріне арналған «Үш ата» ескерткіші, қазақтың белгілі ақын-жазушысы Ғали Ормановтың бюсті, қазақ батыры Қаракерей Қабанбайдың ескерткіші және тағы да басқа еркеткіштер. Ал ең көрікті нысандары: Орталық саябақ, «аквапарк» демалыс орны, І.Жансүгіров атындағы университет, 5 колледж, 2 орта мектеп, орталық алаң, мәдениет сарайы, мұражай және т.б.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір