• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:58:32
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2018 Аймақтар

Талдықорғанда «О, Ләйлә!» фильмінің тұсаукесері өтті

Аталмыш фильм Талдықорған қаласында түсіріліп, екі жастың арасындағы махаббат хикаясын баяндайды

Аталмыш фильм Талдықорған қаласында түсіріліп, екі жастың арасындағы махаббат хикаясын баяндайды. Туындының мақсаты осы ұлы сезім арқылы қаланың әдемі сәулет құрылысын көрсете отырып, қазіргі таңда қоғамдағы маңызды мәселелердің бірін қозғау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

«2016 жылы түсірілген фильм Шора мен Ләйлә арасындағы ғашықтық сезімін басты нысанға алған. Аталмыш туындыға мемлекет тарапынан ешқандай қаражат кетпеді. Оған «Жетісу» телеарнасы мен Алматы облысының ішкі саясат басқармасы қолдау көрсетті. Актерлік құрамға келетін болсақ, медиа саласындағы қызметкерлер мен қала тұрғындары, сондай-ақ, Б.Римова атындағы драма театрының бірнеше өнер майталмандары киноға түсті», – дейді фильмінің режиссері Ушакпаев Ерлан.

Алматы облысы

Сонымен қатар, басты рөлді сомдаған Сатқұлов Бахтияр да түсірілім кезіндегі дайындығы жайлы айтып өтті.

Бюджет қаржысына салмақ салынбай түсірілген туынды қаланың жаңа келбетін, тыныс-тіршілігін, жастар өмірін көрсетуге бағытталды. Басты рөлдерді Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының актерлары мен әріптесіміз, жаңалықтар жүргізушісі Айзада Жақсыбек сомдады. Фильм авторлары журналист бойжеткеннің өмірі арқылы облыс орталығының бар көркін, ондағы махаббат пен сатқындықты, достық пен әзілді көрерменге жеткізуге тырысты. Жас режиссерлер Ерлан Ұшақпаев пен Данияр Мұстафаевтың тырнақалды туындысы барлық буын көңілінен шығады деген сенімде. 

Ерлан Ұшақпаев, режиссер:

- 2017 жылы көптеген ғимараттардың құрылыстары аяқталды. Фильмге осы ғимараттарды толықтай түсіріп алып, неғұрлым әдемілеп көрсету мақсат болды. Осы күнге дейін созылғаны да сол. Басты мақсат - қаламызды көрсету. Қазір Талдықорған көркейіп, өркендеп келе жатқан жас қалалардың бірі, - деп атап өтті.

Киноға кәсіби актерлар түсірілмегендіктен және өзім де өнер саласына жақын болмағандықтан, берілген рөлді сомдау жеңіл болмады. Оған дайындалу үшін де бір айға жуық уақыт кетті. Алайда, жұмыс барысы өте қызықты болды. Өзімді жаңа қырынан таныдым десе де болады, – деді ол.

Комедиялық драма жанрда жарыққа шыққан туында бастан аяқ Талдықорған қаласында түсірілген. Жігіт пен қыз арасындағы махаббат хикаясы да осы шаһарда өрбиді. Туындының «Тақиялы періштемен» ұқсастығы бар. Онда Әмина Өмірзақова өзіне келін іздесе, бұл драмада Кендебай Темірбайұлы күйеубала қарастырған әкенің образында. Ал, оң босағада отырып қалған фильмнің басты кейіпкері Ләйлә жігіттің төресін іздейді. Сөз айтып, көңіл білдірген жігіт Шораны түрлі сынақтың астына алады.

Фильм желісі бүгінгі таңдағы өзекті мәлелені алға тартады, яғни, қыздардың уақтылы отбасын құрмауы. Басты рөлдегі Ләйлә есімді қыздың тағдыр тартысы, оның ерлер қауымына өкпелеуі, күмәнді болуы бейнеленген. Осы жолда алдынан сенімді серігін кездестіріп, оны түрлі жолдармен сынау да бар.

Туындының алғашқы көрсетілімі наурыздың 19-шы жұлдызында І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде, сағат 19:00-де өтеді.

Екі сағатқа созылатын туынды  белгілі бір шығарма желісі бойынша түсірілмеген. Барлық кейіпкерлер ойдан құралған. Шығармашылық топтың басты мақсаты - көркейіп, өсіп-өркендеп келе жатқан Талдықорған қаласының көрікті жерлерімен, әрі аймақ айнасына айналған телеарнаның тыныс-тіршілігімен таныстыру. Кинокартина кезінде көрермен көзайымы болған «Тақиялы періште» фильмімен үндес деуге де болады. Онда астарлы ой, тұшымды пікірлер көп. Қоюшы режиссер Ерлан Ошақбаевтың айтуынша, туындыға бюджет қаржысы бөлінбеген.

Айта кетейік, киноны түсірудегі басты мақсат – Талдықорғанның көрікті жерлерін ел назарына ұсынып, Жетісудың көркем табиғатын көрсету. Журналистер үйі мен ондағы тілшілердің қарбалас өмірі суреттелген фильм 2016 жылы таспаға түскен. Фильмнің продюсері Бейсен Құранбек, режиссерлері Ерлан Ушакпаев пен Данияр Мустафаев. Ал, басты ролдерде Айзада Жақсыбек пен Бақтияр Сатқұлов.

Түсірілім бір ай шамасына созылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір