• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:34:02
Алматы
+35°

07 Қыркүйек, 2018 NEWS

Талдықорғанда күзгі мерзімді әскерге шақыру мәселелері талқыланды

Алматы облысында күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды

Алматы облысында күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды. Бұл кезеңде Жетісу өңірінен 1991-2000 жылы туылған 1900-ге жуық азамат әскер қатарына аттандырылады деп жоспарланған.

Осыған орай, Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі депаратментінің ұйымдастыруымен нұсқаулық-әдістемелік жиын өткізілді. Аталған шараға шақыру, медицина комиссиясының төрағалары, жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары, Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры, ҰҚКД, ІІД және әскери бөлімдердің өкілдері қатысты.

Жиынның басты тақырыбы – көктемгі мерзімді әскерге шақыруды қорытындылау, күзгі әскерге шақырудың негізгі міндеттері мен талаптарын талқылау. Әр құрылымдық бөлімдердің өкілдері өз саласына қатысты тақырыпта баяндама жасап, мерзімді әскерге шақыруда орын алатын мәселелер мен оларды шешу жолдарымен бөлісті.

Сонымен қатар, Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы мен бөлім бастықтары мерзімді әскер қатарына шақыруға даярлықтары, жүргізілген жұмыстары мен жоспарлары бойынша тыңдалады.

Өз кезегінде Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі депаратментінің бастығы подполковник Талғат Дәулетханов әскерге шақыру жұмысымен айналысатын жауапты адамдардың қызметтеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

* Отан алдындағы борышын өтеуді қасиетті парызым деп білетін, моральдық және психологиялық тұрғыдан мықты, физикалық жағынан мығым азаматтарға басымдық бергеніміз жөн, - деді ол.

Үстіміздегі жылдың 10 қыркүйегінен бастап Алматы облысынан шақырылған азаматтар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне аттандырыла бастайды. Одан кейінгі кезекте ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Қарулы Күштері, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланның әскери бөлімдеріне жіберіледі.

Күзгі әскерге шақыру науқанын сапалы, әрі уақтылы орындау мақсатында комиссия әр шақырылушыны жеке-жеке қарастырып, алған білімін, мамандығын ескереді, отбасы жағдайын сараптайды, денсаулығының жарамдылығын басты назарға ала отырып, оны әскер қатарына қабылдау-қабылдамау туралы шешім қабылдайды. Жасақтау экстерриториалды принципке сәйкес жүзеге асырылады, яғни шақырылушы өзге облысқа аттандырылады.

Мерзімді әскери қызметке шақыру 2018 ж. желтоқсан айының соңына дейін жүргізіледі. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы, мерзімін кейінге қалдыруға және әскерден босатылуға құқы жоқ азаматтар қабылданады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір