• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:57:04
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2019 Оқиғалар

Талдықорғанда 3 адам газдан уланып қайтыс болды

Қайтыс болғандардың қатарында 3 жасар бала да бар.

Талдықорғанда газдан уланып, 3 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың қатарында 3 жасар бала да бар. Сондай-ақ 8 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Қайғылы оқиға 15 ақпанның түнінде орын алған. 

"Бүгін түнде 1947, 1966 жылғы ересек адаммен 2015 жылғы бала газдан уланып қайтыс болды", деп хабарлады Ғалымұрат Жүкел. 

Оның айтуынша, төтенше жағдайдан кейін зардап шеккен 8 жастағы бала қазір жансақтау бөлімінде. Сондай-ақ Ғалымұрат Жүкел аталмыш отбасының жағдайы төмен отбасылардың тізімінде жоқ екенін ескертті. 

Бұған дейін инспекторлар тексеріс кезінде жалға беріп отырған үйдің иесіне өрт қауіпсіздігіне байланысты қағаз жүзінде ескерту жасаған. Алайда үй иесі бұл ескертуге мән бермеген. 

Алматы облысының әкімдігінің хабарлауынша, жерлеу рәсімін Талдықорған әкімшілігі өткізеді. Ал аман қалған 8 жастағы қызға заң жүзінде барлық көмек көрсетілетін болады. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір