• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 18:06:00
Алматы
+35°

05 Маусым, 2018 NEWS

Талдықорғанда 17 жастағы студент менингиттен қайтыс болды

Айта кетерлігі, осымен Талдықорғанда менингиттен екі адам қайтыс болды. Бұған дейін жұқпалы аурулар ауруханасында 2 жастағы қыз қайтыс болған.

Талдықорғанда тағы бір адам менингиттен қайтыс болды. Бұл ақпаратты облыс әкімінің баспасөз хатшысы растады.

— 17 жастағы студент менингиттен қайтыс болды. Ауру жылдам түрде өткен. Ол ауруханаға жеткізілгенде жағдайы нашар болған. Әзірге оның қай оқу орнының студенті екені анықталған жоқ, - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Жүкелдің мәліметінше, науқас 18.30 шамасыныда Талдықорғандағы мультидисциплинарлы ауруханада көз жұмған. Оның айтуынша, науқас ауруды басқалардан жұқтырған. Айта кетерлігі, осымен Талдықорғанда менингиттен екі адам қайтыс болды. Бұған дейін жұқпалы аурулар ауруханасында 2 жастағы қыз қайтыс болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір