• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:12:04
Алматы
+35°

08 Қаңтар, 2019 NEWS

Талақ алған Сауд Арабия әйелдеріне енді смс-хат келеді

Жақында ғана араб әйелдері машина айдауға, футбол матчтарын тамашалауға, кейбір мамандықтар бойынша қызмет етуге мүмкіндік алды.

Өткен жексенбіде Сауд Арабияда жаңа заңнама өз күшіне енді. Оған сәйкес, талақ алған әйелдерге енді некенің бұзылғандығы туралы смс-хат келетін болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі bbc.com-ға сілтеме жасай отырып. Себебі, осыған дейін нәзік жандылар күйеулерінің олардан бас тартқанын білмей қалып жүрген. Билік «құпия ажырасуды» тоқтатып, сотты некенің бұзылуы жайында хабарлама жіберуге міндеттеді.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, өзінің некелік статусын білген әйел өз құқығын қорғай түседі.

«Жаңа тәртіпке сәйкес әйел ажырасу барысында әділетсіздіктің орын алуына жол бермей, өз құқын және сыбағасын талап етуге мүмкіндік береді»- дейді Нисрин әл-Гамди Блумбергу. Сонымен қатар, ажырасуға дейін берілген  сенім қағаздары енді заңсыз түрде пайдаланылмайды.

Жергілікті "Okaz" газетіне сұхбат берген адвокат Самиа әл-Хинди «әйелдердің көбісі күйеулерінің ажырасу жайында ескертпегендігін алға тартып, сотқа апелляциялық шағым түсіргендігін» айтып берді.

Жоғарыда айтылған жаңа заңнама тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның арқасында енгізілген. Жақында ғана араб әйелдері машина айдауға, футбол ойынын тамашалауға, кейбір мамандық бойынша қызмет етуге мүмкіндік алды.

Қамқоршы (опекун-ред.) ер адамы болмаса, араб әйелі үшін әлі де жеке дара жасауға тыйым салынған дүниелер бар:

  • Паспорт рәсімдеу

  • Шетел асу

  • Күйеуге шығу

  • Банкте есепшот ашу

  • Жоспарлы ота жасау

  • Түрмеден шығу

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір