• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:49:21
Алматы
+35°

02 Маусым, 2017 NEWS

Тағылымгер хирургтің кесірінен 6 баланың анасы көз жұмды

Хирург әйелдің қан кетуін тоқтата алмады. Соның салдарынан әйелдің екі мәрте жүрегі тоқтап қалған.

Хирург әйелдің қан кетуін тоқтата алмады. Соның салдарынан әйелдің екі мәрте жүрегі тоқтап қалған.

Алты баланың анасы бала босанғаннан кейін қатты қан кетуден көз жұмған. Оны тағылымгер хирург операция арқылы босандырып алған. Дәрігердің кесірінен 45 жастағы Розиде Этваридеде қан кете бастаған. Мұндай жағдай Англиядағы Кройдне ауруханасында  бесінші рет болып жатыр.

Розида преэклампсия ауруына шалдыққан еді. Ал егіздердің бірінің жүрегінде ақау болғандықтан дәрігерлер егіздерді операция арқылы алуды шешкен. Алайда тағылымгер Латика Наранг қанды тоқтата алмаған.

Дәрігерлер нақты қанша қан кеткенін дұрыс анықтай алмады. Сондықтан қажетті деңгейден аз қан құйылған. Ішкі қан кетуден Розиданың екі мәрте жүрегі тоқтаған.  

«Көмек сұрау керектігін білдім. Алайда оған уақыт болмады. Мен жатырды аман алып қалуға тырыстым. Алайда ол әрекетімнен түк шықпады» дейді Латика Наранг.

Акушерлік бөлімнің дәрігерлері әйел көп қан жоғалтқанын бірден сол уақытта хабарлауы керек еді. Алайда тек үш сағаттан кейін ғана айтылған. Ол уақытта Розида реанимацияда жатқан.

Розида Этвариде көз жұмған аурухана отбасына өтем ақы төледі. Аталмыш іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір