• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 10:50:55
+35°

13 Мамыр, 2019 NEWS

Тағы да әуе апаты: "суперджетті" не сайтан түртті?

"Sukhoi Superjet 100" ұшағының қайтып келу себебі – борттағы техникалық ақаулар болып шықты.

13-мамырға қараған түні Шереметьево әуежайынан шыққан ұшақ біршама уақыттан кейін Мәскеуге қайтып оралды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лайф сайтына сілтеме жасап.

Мәскеу – Самара бағытына шыққан "Sukhoi Superjet 100" ұшағының қайтып келу себебі – борттағы техникалық ақаулар болып шықты.

Самараға бағытталған ұшақ командирі кабинаға ауа толуына кедергі болғандықтан әуежайға оралатыны туралы хабар берді. Ұшақты бірнеше өрт сөндіру бригадасы қарсы алды. Әуе кемесіндегі жолаушыларды ойдағыдай басқасына ауыстырды.

Естеріңге сала кетейік, Шереметьево әуежайындағы "Аэрофлот" әуе компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы апатқа ұшырап, қайтыс болған адамдардың саны 41-ге жеткен.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, бортта 78 адам болған. Олардың 37-і аман қалыпты. Қазіргі таңда 6 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың үшеуі ауыр халде жатыр.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір