29 Наурыз, 2019 Спорт
Тағы бір қазақ боксшысы чемпиондық белбеуді иеленді
Бабыржан өткен жылдың қыркүйегінде Ақтөбеде грузин Анзор Гамгебелиді (31-28-3, 16 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіп алған еді.
АҚШ-тың Тампа қаласында қазақстандық боксшы Бабыржан Момыновтың (10-0, 8 КО) чемпиондық белбеуі таныстырылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz.
сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық бокс қауымдастығының президенті (NBA) Дэймон Гонсалес ұйымның штаб-пәтерінде Момыновқа орта салмақтағы NBA Intercontinental чемпионы белбеуін тапсырды. Бұл белбеуді Бабыржан өткен жылдың қыркүйегінде Ақтөбеде грузин Анзор Гамгебелиді (31-28-3, 16 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіп алған еді. Дегенмен белбеу иесіне енді ғана табысталып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 23 наурызда АҚШ-тың Коста-Меса қаласында Момынов америкалық Джонатан Стилді (9-3-1, 6 КО) алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен ұтқан болатын, алайда бұл титулдық жекпе-жек болмады.
Ұсынған: Мақпал Сембай
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір