Табыс сыры: Бай болу үшін қанша сағат жұмыс істеу керек?

Табыс сыры: Бай болу үшін қанша сағат жұмыс істеу керек?
Ⓒviralcraze.net

Өз еңбегімен байлық жинаған миллионерлердің көпшілігі табанды еңбек етеді. Тіпті жұмыс істеу қарқыны кешегіге қарағанда бүгін еселене түсуі мүмкін. Кеңсеге жұмыс уақытынан ерте келіп, өзгелерге қарағанда көбірек еңбек етіп, жұмыс соңында қайтуды әдетке айналдырады. Олар өз саласындағы еңбекқорлар санатына жататын адамдардың арасында үлкен беделге ие. Бұл жағдай бәріне жақсы таныс.

Өз тәжірибеңізде «40+» формуласын қолданып көріңіз. Бұл формула бойынша бір аптада 40 сағат «өмір сүру үшін» жұмыс істейсіз, ал 40 сағаттан тыс уақытты – табысқа жету үшін жұмсайсыз. Егер сіз 40 сағаттан жұмыс істейтін болсаңыз (бүгінде жұмыс аптасының орташа ұзақтығы – 35 сағат), онда тек өмір сүріп жүрген боласыз. Сол себепті ешқашан алға жылжи алмайсыз. Үлкен қаржылық табысқа жетем деген ойыңыз да құр әурешілік болып қалады. Әріптестеріңіз де сізді сыйлап, жоғары бағаламайды. Аптасына тиісті қырық сағаттық  жұмыспен шектелсеңіз, талантыңызды шыңдауыңыз да екіталай.

Есесіне 40 сағаттан тыс уақытты сіздің болашағыңызға салған инвестицияңыз деп есептеуге болады. Егер сіз әр аптада қырық сағаттан тыс уақытыңызды қаншалықты жұмысқа арнайтыныңызды бақыласаңыз, онда 5 жылдан кейін қайда болатыныңызды өзіңіз-ақ аса дәлдікпен болжай аласыз.

Таза өз еңбегімен ақша тауып жүрген америкалық миллионерлер аптасына 59 сағат жұмыс істейді. Көпшілігінде, бұл көрсеткіш 70 немесе 80 сағатқа жетуі мүмкін. Әсіресе кәсіпкерлік мансабының алғашқы кездерінде бұл көрсеткіштің деңгейі арта түседі. Олар, орташа есеппен, аптасына 5 күн емес, алты күн еңбектенеді. Әрі олардың жұмыс күндері тым ұзақ. Егер сіз миллионермен сөйлескіңіз келсе, онда оған жұмыс уақыты басталар кезде немесе жұмыс уақыты бітер кезде хабарласыңыз. Өзі ақша тауып, байыған миллионер, сағат тоғыздан беске дейін жұмыс істейтін қатардағы қызметкерлер енді жұмысқа келіп жатқан кезде, жұмыс үстелінің басында отырады. Және де жұмыс уақыты бітіп, барлығы үйді-үйіне тарқасқан кезде де сол жерден табылады.

«Жұмыс орнында отырған уақыттың барлығында тек қана жұмыс істеңіз» деген жақсы ой айтылады. Жұмыс істеп отырып, уақытыңызды тиімсіз нәрселерге жұмсамаңыз. Таңертең кеңсеге кірген бойда жұмыс үстеліңізге отырып, алдыңызда жатқан қағаздарға үңіліп, бірден жұмыс істеуді бастап кетіңіз. Егер әріптестеріңіз сіздің ойыңызды бөліп, әңгімелесуге шақырса, кешірім өтініп: «Мені жұмыс күтіп тұр!», - деңіз.

Бұл үй шаруасымен айналысуды, достарыңа хабарласуды, әріптестеріңмен сөйлесуді немесе газет оқуды доғару керек деген сөз емес. Алайда жұмыс уақытында, міндетті түрде жұмыс істеңіз. Бүгіннен бастап фирмаңызда бәрінен де қарқынды әрі көп жұмыс істейтін адамның беделіне жету үшін алдыңызға мақсат қойыңыз. Ол өз кезегінде сізге көмек қолын созуға дайын адамдардың санын арттырады.

Авторы: Брайан Трейси

«Миллионерлердің 21 құпиясы»

Аударған: Маржан Сәбет

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ

    1
    Ардақ Әшім: “Әблязов қазақстандықтардың саяси білімін ашты”
    26/05 04:31 0 51
    2
    Қарағандыдағы оқыс оқиға: қала әкімі қаза тапқан баланың жанұясына көңіл айтты
    26/05 03:44 0 435
    3
    Илон Маск әлемге тегін интернет тарату жұмысын бастады(видео)
    26/05 02:19 0 191
    Биылғы Канн фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлер қатарында кімдер бар?
    26/05 01:49 1 200
    Ғалымдар Мона Лизаны тірілтті(видео)
    26/05 01:47 0 326

    Таныстырылғандар

    Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды
    Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды
    Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды
    Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен әңгімелесті.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 23:08 0 649
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Бұған дейін осы тізімде Цюрих қаласы бірінші болып тұрған. Қазір ондағы орташа жалақы Сан-Францискоға қарағанда 400 долларға кем.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 01:48 0 358
    Зеленский өз өкілдерін тағайындауды бастады
    Зеленский өз өкілдерін тағайындауды бастады
    Зеленский өз өкілдерін тағайындауды бастады
    Герус Андрей Михайловичті президент өкілі етіп Украина министрлерінің бөлмесінде тағайындалды
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 15:04 0 854
    Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешенінің құрылысы тыңғылықты жүргізілуде

    22/05/2019 16:47 0 154
    Италияда автобус аударылды: Зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары бар
    Италияда автобус аударылды: Зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары бар
    Италияда автобус аударылды: Зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары бар
    Алдын-ала айтылған деректерге сүйенсек, зардап шеккендердің ішінде отандастарымыз бар
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 00:04 0 319
    Италияда апатқа ұшыраған қазақстандықтар туралы СІМ мәлімдеме жасады (видео)
    Италияда апатқа ұшыраған қазақстандықтар туралы СІМ мәлімдеме жасады (видео)
    Италияда апатқа ұшыраған қазақстандықтар туралы СІМ мәлімдеме жасады (видео)
    Қазақстан сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында қазақстандықтар барын растады
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 09:57 0 568
    Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
    Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
    Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
    Альбомның атауы қандай болатыны әзірге белгісіз.
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 09:23 0 91
    Түркістан қаласы әкімдігі: Маминнің сапарына арнайы салынды деген дерек – жалған
    Түркістан қаласы әкімдігі: Маминнің сапарына арнайы салынды деген дерек – жалған
    Түркістан қаласы әкімдігі: Маминнің сапарына арнайы салынды деген дерек – жалған
    Түркістан әкімдігі желіде тарап жатқан видеоға қатысты пікір білдірді
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 11:26 0 1310
    Қаламқас кен орнында жер асты суы атқылады
    Қаламқас кен орнында жер асты суы атқылады
    Қаламқас кен орнында жер асты суы атқылады
    Аталмыш жағдай бойынша жедел штаб ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды қолға алып...
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 12:23 0 522
    Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
    Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
    Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
    Беларусь президенті Александр Лукашенко сапасыз мұнайдан елдің "орасан зор" зардап шеккенін айтып, Ресейден өтемақы күтетінін жеткізді.
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 14:38 0 1600
    Ким Чен Ын орыс екенін неге жасырады?
    Ким Чен Ын орыс екенін неге жасырады?
    Ким Чен Ын орыс екенін неге жасырады?
    Құдіретке қарсы шығар ешкім жоқ қой енді...
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 15:06 0 5232
    Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық!
    Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық!
    Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық!
    Жаманаттың тамыры – ұғымдардың шатысуында. Бақыт туралы ойымыз қате боп шықты, оған қалай қол жеткізу керегін де дұрыс білмедік.
    Аудио тыңдау
    24/05/2019 21:44 0 327
    Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
    Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
    Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
    ҚХР жергілікті консулдық Қазақстан, Қырғызстаннан шыққан азаматтарға қытайлық Фуюань қаласына кіруге тыйым салды
    Аудио тыңдау
    25/05/2019 01:03 1 1549
    "Біздің сүйікті дәрігер" фильмінің жалғасы түсіріледі
    "Біздің сүйікті дәрігер" фильмінің жалғасы түсіріледі
    "Біздің сүйікті дәрігер" фильмінің жалғасы түсіріледі
    Фильмнің жалғасы қызық болмақ...
    25/05/2019 21:15 0 164
    Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырды (видео)
    Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырды (видео)
    Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырды (видео)
    Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Самат Сүлей атап өткендей, оқиға бүгін таңертең болған...
    25/05/2019 21:43 0 165