• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:19:50
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2019 Дін

Табалдырықта тұрған құт па, рух па?

Сондай-ақ, ежелгі дәстүрлері бойынша табалдырықтың астына қайтыс болған адамдарды жерлеген.

Бүгінгідей дамыған ақпараттық технологиялар заманында ата-бабамыздан қалған ырымның астарын біле бермесек те, оларға іштей сеніп, көпті көрген үлкендердің айтқан сөзінен аттағымыз келмейтіні рас. Үйге кірерде кідіріп қалсаң, "табалдырықта тұрма" дейтін қазақи ырымның қандай мәні бар? Басқа ұлттарда осындай сенім бар ма? Qamshy.kz ақпарат агенттігі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Халқымыздың сан ғасырлық тарихи дамуы барысында өмірлік тәжірибе мен сенімнің, әртүрлі аңыздардың нәтижесінде ырым-тыйымдар мен наным-сенімдер қалыптасты. Аталмыш ырым-тыйымдарды ұстану арқылы қандай да бір жақсылықтың болатынына, бақыт пен қуаныш әкелетіндігіне сенген. Қазақта "табалдырықта тұруға болмайды", "табалдырықта бақ тұрады" деген тыйым бар.  "Табалдырықтың екі жағында тұрып қол алыспайды, ондай жерде жау болатын адамдар ғана қол алысады",— деп сенген.

табалдырық

Ал славян халықтарының сенімі бойынша табалдырық киелі жер саналады. Қандай да бір затты  табалдырық арқылы берсең, өз бақытың мен қуанышыңды бергенің. Сондай-ақ, ежелгі дәстүрлері бойынша табалдырықтың астына қайтыс болған адамдарды жерлеген. Көбінесе, үй жануарлары табалдырыққа келгенде кідіретінін байқаған боларсыз. Орыстардың сенімі бойынша мысықтың өзге әлеммен қатысы бар. Ескі сенім бойынша олар өлгендердің рухын көргендіктен табалдырықтан өтерде кідіріп қалады екен. 

мысық

Уақыт өтіп, заман өзгерді, қазір табалдырық астына адам жерлемейді. Десе де, ежелден қалыптасқан ырымға әлі күнге сеніп, қауіптен қорғанатындардың қарасы көп. Тіпті, кейбіреулер табалдырық астына киелі тастар мен әртүрлі мүсіндерді көміп жатады. Адамның сенімі табалдырықтан ғана емес, заман ағымынан өтсе де, өз күшін жоғалтпайтын қасиет екеніне тағы көзің жетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір