• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:01:43
Алматы
+35°

12 Қыркүйек, 2018 NEWS

Сирияға кеткен қазақтардан өз ата-аналары бас тартып жатыр - ҚР СІМ

Отандастарымызды елге қайтару үшін арнайы ұшақ та бөлінген екен.

Соңғы он жылға жуық уақытта елімізде терроризм мен Сирияға жиһадқа аттанған қазақтардың мәселесі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіндей дәрежеге жеткен. Әлеуметтік желіде қазақстандықтарды «қасиетті соғысқа» шақыру бейнежазбалары жиіледі. Жиһадшылардың сөздеріне шүбә келтірмеген қазақтар әйелдері мен бала-шағасын ертіп Сириядан бірақ шықты. Өздерін отқа айдаған қазақстандықтар көп ұзамай қателіктерін түсініп, елге қайтуды аңсап жүр. Ал олардың Сирияда «қандай жағдайға тап болғандығына қарамастан» ол азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғау министрліктің міндеті.

Бүгін Парламент мәжілісі отырысында бұл мәселе қайта қозғалып, ҚР СІМ басшысының орынбасары Мұхтар Тілеуберді Сирия мен Ирактың соғыс алаңдарында жүрген қазақстандықтарды отанына қайтару жұмыстарының жүргізіліп жатқанын әрі соған аса назар аударылғанын мәлімдеді.

«Сирия мен Иракта жүрген отандастарымызды іздеу жұмыстары ойдағыдай жүргізіліп жатыр. Иорданиядағы елшілігіміз бен Ливандағы бас консулдығымыз біздің азаматтарымызды іздеумен айналысуда. Сонымен қатар балалары Сирияда жүрген ата-аналардан да сұраулар түсіп жатыр. Сондықтан осы мәселеге көп көңіл бөлудеміз. СІМ ғана емес, арнайы қызмет, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ТЖК да осы іске қатысты жұмыла кірісті», - деді ол.

Айтуынша, отандастарымызды елге қайтару үшін арнайы ұшақ та бөлінген екен.

«Біріншіден, азаматтарымыздың көбі терроризмге қатысы бар-жоғын анықтайтын арнайы тексеруден өтеді. Қатысы жоқтар Қазақстанға жіберіледі. Кейбір әйелдер балаларымен жүр. Олардың балалары ата-анасының рұқсатымен Қазақстанға қайтырылып, анасы мен әкесі операция аяқталғанша сонда болады», - деді Тілеуберді.

Ал «адасып» Сирияға аттанғандардың ата-аналары балаларының жазалануын қалайды. Тіпті Мұхтар Тілеуберді немерелерін өз қолдарына, ата-ана құқығынан айыруға дейін баратын әжелер де жеткілікті екенін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір