• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:28:42
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Сириядан қайтарылған Қазақстан азаматтары Ақтауға жеткізілді

Елге қайтарылған қазақстандықтардың ішінде 16-сы халықаралық террористік ұйымдардың қатарында болған.

Қазақстандықтарды Сириядан эвакуациялау операциясы мамыр айының 7-9 аралығында өтті. Оларды елге қайтару үшін ұшақ Ақтау әуежайынан ұшқан болатын. Дәл сол ұшақпен Ақтауға 231 адам қайтарылды  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Лада" сайтына сілтеме жасап.

"Өздеріңмен бірге тек керек заттарды алыңдар, қалғанын кейін береді", - деген екен қазақстандықтарға арнайы қызметкерлер.

"Жусан-2" операциясы нәтижесінде 59 әйел адам мен 156 баланы Отанына қайтарды. Олардың ішінде 18 жетім болған. Балаларға ойыншық дайындап қойған. Ең кішкентай баланы арнайы қызметкерлер қолдарына көтеріп келген.

Олардың арасында сәбилер де болған. Елге қайтарылған әйелдердің бірі үшінші баласының дүниеге келгеніне жеті күн болғанына айтқан. Жасы 23-те екен. Оның айтуынша, екі баласы мен жолдасы Иракта бомбаның астында қалып, қаза тапқан.

Бірнеше бала соғыс кезінде алған жарақаттарына байланысты ауыр халде медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазіргі таңда әйелдер мен балалар оңалту орталықтарына жеткізіліп, дәрігерлер мен психологтардың қарауында.

Елге қайтарылған қазақстандықтардың ішінде 16-сы халықаралық террористік ұйымдардың қатарында болған. 

Сириядан Қазақстан азаматтарын қайтару шараары жалғасатын болады.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір