• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:39:36
Алматы
+35°

2013 жылы күйеуімен бірге Сирия асқан 33 жастағы қазақстандық келіншек майдан даласындағы әйелдердің жағдайлары туралы шындықты айып берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"2010 жылы мен дін жолында жүрген азаматқа тұрмысқа шықтым. Ол кезде "джихад" дегеннің не екенін білмейтінмін. 2012 жылы ол жұмысқа кеттім деп сапарға шықты. Қайда баратынын айтпады. Арада ай өткенде байланысқа шығып, өзімен бірге алып кететінін жеткізді. Біз Сирияға Түркия арқылы жеттік. Кішкене ауылға қоныстанғанбыз. Арада апта өтпей жатып, мен үйге қайтқым келген. Бірақ ол мені солай жасасам талақ ететінін айтты", - дейді келіншек СІМ өткен кездесуде.

Жас келіншектің бірінші некесінен сегіз жасар қызы бар. Ал екінші жарынан екі ұл тауыпты. Бірақ оның бірі шақалақ кезінде жағдай болмағандықтан шетінеп кеткен.

лге қайтуға деген тұрақты ұмтылыс 2017 жылы күйеуім қайтыс болғаннан кейін басталды. Ол жақта жесірлердің барлығын су мен жарығы, тамағы жоқ жерге төрт ай және он күнге қамап тастайды. Аталған мерзім өткен кезде ол жерге түрлі ер адамдар келіп, өздеріне әйел таңдайды. Келіншектер амалсыздан тағы да ерге шығады. Бүгін жар құшсаң, ертеңіне ол қаза табуы мүмкін. Осындай жағдаймен 19 рет тұрмыс құрған әйелдер де бар", - дейді ол.

Аталған жағдайдағы әйелдер өздерінің ахуалы туралы Отанына хабар бере алмайды. Егер солай ететін болса, оларды сатқындық жасағаны үшін өлім жазасына кеседі екен.

Аударған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір