• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:03:41
Алматы
+35°

30 Сәуір, 2019 NEWS

Сириядағы қазақтар туралы фильм Джеки Чанды таңқалдырды

Танымал актер Джеки Чанға Сириядағы қазақтарды құтқару барысы туралы фильм көрсетілді

Танымал актер Джеки Чанға Сириядағы қазақтарды құтқару барысы туралы фильм көрсетілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол туралы Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев Пекинге жұмыс сапары барысында әлемдік жұлдыз Джеки Чанмен кездескен болатын.

«Джеки Чанмен оның Қазақстанда түсірілетін жаңа фильмін талқылау барысында, Сириядағы қазақ балаларын құтқаруға арналған арнайы қызметтің осы жылдың басында жүргізген «Жусан» операциясы туралы түсірілген фильмін қарап шықтық. Бұл жөніндегі ақпарат пен фильмнің өзі Джекиге ерекше әсер қалдырды. Өйткені  атыс-шабыс жанрының кейіпкері бұл жағдаймен жақсы таныс», - деп жазды Ерлан Қарин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір