09 Қаңтар, 2019 NEWS
Сириядағы отандастарымызды ҚР қарулы күштері қалай құтқарды? (видео)
Ағымдағы жылдың 5-5 қаңтарында ҚР Қарулы күштерінің арнайы ыжасағы «Жусан» операциясын өткізді
Ағымдағы жылдың 5-6 қаңтарында ҚР Қарулы күштерінің арнайы жасағы «Жусан» операциясын өткізді. Бұл жайында бүгін Елбасы өз мәлімдемесінде айтып берді.
Арнайы жасақ күштері 5-6 қаңтар күні Сириядағы 47 отандасымызды құтқарып, елге алып келді. Оның 30-ы кішкентай балалар. Құтқару операциясы қалай жүргізілді?
Әскери күштер 5 қаңтар күні Ақтау халықаралық әуежайынан ұшып шыққан. Өздерімен бірге гуманитарлық көмек алып, керек-жарақ заттар мен тамақ, балаларға арналған ойыншықтар алып барды.
Эвакуациялау орнына 5 қаңтар күні сағат 15:45-те жеткен. Әйелдер мен балаларды ұшаққа отырғызып, олардың жайлы ұшып келуін қамтамасыз етті. Видеода көрсетілгендей, кейбір ер адамдарды ұшаққа көздерін байлап алып келіп отырғызған.
Отандастарымыз мінген борт Ақтауға 6 қаңтар күні түнгі 2 шамасында қонған.
Айта кетейік, 6 қаңтар күні гуманитарлық операция нәтижесінде құқық қорғау органдары мен ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып 47 отандасымызды Сириядан елге қайтарды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір