• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:35:09
Алматы
+35°

23 Қаңтар, 2017 Саясат

Сирия президенті ДАИШ-қа Түркия мен АҚШ демеушілік көрсетіп отырғанын айтты

Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған ДАИШ-тың астыртын әрекеттеріне және Сирияның мұнай контрабандасына қатысы бар деп хабарлайды

Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған ДАИШ-тың астыртын әрекеттеріне және Сирияның мұнай контрабандасына қатысы бар деп хабарлайды eadaily.com. Бұл туралы Сирия президенті Башар Асад жапондық телеарнаға берген сұхбатында мәлімдеді.  

«Егер ашық айтсам, ДАИШ 2006 жылы Иракта АҚШ-тың бақылауымен құрылды. Сирия қайшылығы басталғанда Түркия бұл ұйымға демеушілік етті. Себебі ДАИШ сириялық мұнай кен орнын шикізат экспортына пайдаланды. Түркия Эрдоғанның басшылығымен мұнай контрабандасына араласты. Сондықтан Түркия мен АҚШ-тан  ДАИШ-пен шынайы күресті күтудің қажеті жоқ» дейді Башар Асад.  

Асадтың ойынша Эрдоған ДАИШ террористері мен «Джебхат Ан-Нусраға»  қарсы шыққандай болады, шын мәнісінде аталмыш ұйымға қолдау білдіріп отыр. Ал оның көмегінсіз олар өмір сүруін тоқтатады деп есептейді Сирия президенті.

Сұхбатта Асад Дамаскте химиялық қару қолданғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл мүмкін емес. Ең алдымен моралдық тұрғыдан мүмкін емес. Себебі ешкім өз халқына қарсы халықты қырып салатын қаруды қолданбайды. Оның үстіне біз 2013 жылы химиялық қаруды пайдалануға тыйым салатын келісімге қол қойып, барлық арсеналдан бас тарттық. Бізде ондай қару жоқ. Химиялық қаруды алғаш 2013 жылы террористер қолданды».

Сирия билігі сол уақытта БҰҰ Сирияға арнайы тексеру комиссиясын жіберуін сұрады. Бірақ бұл бастама АҚШ тарапынан қарсылыққа ие болды.

«Себебі комиссия Сирияға келсе, террористтер әскерге қарсы хлорды қолданғаны туралы нақты дәлелдерді табушы еді» дейді Сирия президенті.

EADaily хабарлағандай 23 қаңтарда Астанада Сирия мәселесі жөнінде кезекті келіссөздер жүргізіледі. Сирия армиясы мен оппозицияның қарулы тобы да келеді деп күтілуде. Онда қарулы қақтығысты тоқтатып, режимді қолдау мәселелері қаралмақ.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір