• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 09:50:57
Алматы
+35°

01 Қазан, 2018 NEWS

Синоптиктер Астанада жел күшейетінін ескертеді

Синоптиктердің болжауынша 1 қазанда көшпелі бұлт, күндіз кей кездері жауын жауады.

Астана және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша 1 қазанда көшпелі бұлт, күндіз кей кездері жауын жауады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +16+18°С. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай ауысады 5-10 м/с.

Сейсенбі, 2 қазан көшпелі бұлт, түнде және таңертең кей кездері жауын жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +3+5°С, күндіз +10+12°С.

Сәрсенбі, 3 қазан, көшпелі бұлт күтіледі, жауын-шашын байқалмайды. Жел батыстан, оңтүстік-батысан соғады 7-12 м/с. Температура түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір