• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:16:15
Алматы
+35°

27 Қыркүйек, 2017 NEWS

Сургутте 4 жастағы қыз үстіне теледидар құлап көз жұмды

Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, кішкентай қыз өзінің әжесімен бірге тұрған екен

Сургуттағы тергеушілер кішкентай баланың өліміне қатысты істің анық-қанығын тексеруде. Белгілі болғандай, баланың үстіне теледидар құлап кеткен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.

Оқиға сейсенбі күні кешкі уақытта орын алған. Мәліметтерге сәйкес, 2013 жылғы қыздың үстіне ескі модельді теледидар құлап кеткен. Теледидардың салмағы бірнеше ондаған келіге дейін жетеді екен. Алған жарақаттарының салдарынан кішкентай бүлдіршін көз жұмды.

«Аталмыш іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы тергеу аяқталғаннан соң белгілі болады. Іздей жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес алдағы уақытта шешім шығарылатын болады», - дейді жауапты тұлғалар.

Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, кішкентай қыз өзінің әжесімен бірге тұрған екен. Ал әжесі өзге елдің азаматшасы екендігі белгілі болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір