• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:16:00
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2017 Әлеумет

Су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыздың жанайқайы: Адамдарды аямайсыздар!

Махамбетов ауылында тұратын Тұрғангүл Ешімова су тасқыны салдарынан жалғыз үйлерінен айырылып қалды. Әйелдің айтуынша, жүрегі нашар күйеуі үйінің қалай құлап...

Махамбетов ауылында тұратын Тұрғангүл Ешімова су тасқыны салдарынан жалғыз үйлерінен айырылып қалды. Әйелдің айтуынша, жүрегі нашар күйеуі үйінің қалай құлап жатқанын өз көзімен көрген, деп хабарлайды Диапазон.

Ал, кіші қыздары Махаббат № 36 мектептің 4-сынып оқушысы кітаптарсыз, киімдерсіз қалды. Су тасқынынан жапа шеккен отбасы естерін әлі жимаған. Осы жағдайды ескеріп, 10 жастағы Махаббат билікке үндеу айтты. Жапа шеккендерге лайықты көмек көрсетпеген билікті айыптап, жанайқайын айтып салды.

Бүгінгі күні Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуге арналған комиссия құрылды. Материалдық көмек көрсеткісі келетіндер "Қолғанат Ақтөбе" қоғамдық қорының есебіне қаражат аудара алады. 

KIWI әмиян: +77058202666 БИН 170240000585 ИИК KZ

819260101193016000 "Казкоммерцбанк" АҚ-да БИК KZKOKZKX.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір