• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:05:00
Алматы
+35°

25 Қыркүйек, 2016 Айтты-ей, бауырың!

Сүйістірмей сериал түсіре алмаймыз ба?

Төсекке жатқызып, сүйістіріп түсірмесе біздің қазақтың киносы өтпей қала ма? Əлде продюсерлердің бəрі «озабоченный» ауру ма, төсекке тартып тұратын?

Төсекке жатқызып, сүйістіріп түсірмесе біздің қазақтың киносы өтпей қала ма? Əлде продюсерлердің бəрі «озабоченный» ауру ма, төсекке тартып тұратын?

Кешелі бері ютубтан «Өгей жүрек» деген сериал көріп жүрмін. Сериалдың идеясы жақсы, бірақ анау басты рөлде ойнаған Кәмшат Жолдыбаева бір сериалда екі еркекпен ернін жұлып алардай сүйсіп отыр. Оның алдында «Трактористің махаббаты»" атты сериалға түскен кезде де солай сүйіскен еді.

Жалпы айтпағым қазақ қыздарының ерніне кеседен артық дүние тимеу керек сияқты еді. Біздің қыздар сериалға түсеміз деп, төсекке жатуға да намыстанбайтынын жағдайға жетіпті. Осы корей, үнді сериалдары сүйіспей-ақ өтіп отыр ғой. Неге солардан сабақ алмайсыңдар, продюсерлер? Əлде сендер ұлттың қыздарын бұзу керек деген бұйрық алып отырсыңдар ма? Дəл осылай кете берсе, ұлттың жойылуы басталады. Өйткені қызы бұзылған ұлттың, өзі де бұзылады!

Айгүл Орынбектің Фейсбуктегі парақшасынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір