• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:53:04
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2018

Сүйгенінен айырылған 25 жастағы жігіт тағы да ғашық бола ала ма?

Телесериалдағы басты кейіпкер 2 жыл бойы ғашығын ұмыта алмай жүрген кезде тағы да бір қызды ұнатып қалады

5 қыркүйекте Алматы қаласында Хабар арнасының тапсырысы бойынша түсірілген «Тағы да сүй» телесериалының алдын ала көрсетілімі өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.   Аталған шараға жас актерлармен қатар блогерлер, өнер иелері қатысты. Бұл кинокартинаның режиссері осыған дейін «Қария» туындысын халыққа ұсынған Асхат Мұсабай.

«Телесериалдағы басты кейіпкер 2 жыл бойы ғашығын ұмыта алмай жүрген кезде тағы да бір қызды ұнатып қалады. Қазіргі жастар түріктің, кәрістің сериалдарын көргенді жақсы көреді. Сол сериалдардың фарматына жақындау, бірақ өзіміздің қазақи нақышымызға келтіріп түсіруге тырыстық. Жастардың көңілінен шығады деп ойлаймыз. Түсірілім жалпы 40 күнге созылды. Ал кастинг 2 айға созылды, актерлер Қазақстанның түрлі өңірінен жиналды. Басты рөлдегі Нұрсіуле Әубәкірова Астана қаласынан келсе, басты рөлдегі Шалқар Құдайберген Алматы қаласының тумасы. Телесериалда белгілі актерлардың қатарында Әділжан Шонбанов, Айзада Сатыбалдиева, Зарина Омарова, Болат Әбділманов бар. Телесериал 12 бөлімнен тұрады. Хабар арнасынан 10 қыркүйектен бастап көре аласыздар», дейді телесериалдың режиссері Асхат Мұсабай.

Аталмыш шарада телесериалдың алғашқы 3 бөлімнің қысқартылған нұсқасы көрсетілді. Телесериалдағы басты кейіпкер Аян сымбатты, білімді жігіт. Ал оның әкесі жарнама агенттігінің басшысы, анасы флорист. Аянның сүйген қызы Асыл 2 жыл бұрын жол апатынан қайтыс болып, басты кейіпкер күйзеліске ұшырайды. Уақыт өте келе ол Асылды ұмытқандай болады. Кейін Мерей есімді өзінің қызметкеріне ғашық болып, онымен бас қосады. Алайда Аян Асылды қайта жолықтырып, оқиға шиеленісе түседі. 

«Хабар Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ринат Думанұлы Кертаевтың айтуы бойынша, бұл телесериал отбасымен бірге қысылмай отырып көруге арналған. Қазіргі отандық телесериалдар мен фильмдердің көпшілігі заманның ағымына еріп, қазақтың табиғатына жат тұрғыда түсіріліп жатқанда отбасымен бірге отырып қысылмай көруге болатын телесериалдың көбеюі қуантарлық жайт. «Тағы да сүй» телесериалы кореялық сериалдардың қазақша нұсқасы деп атауға да болады. Себебі әзіл аралас жастарға арналған жеңіл телесериал.

"Тағы да сүй" телесериалын «Хабар» телеарнасынан 10 қыркүйектен бастап дүйсенбі-бейсенбі аралығында сағат 22:20-да көре аласыздар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір