• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:04:30
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2018 Аймақтар

Сұранысқа ие мамандық

Осындай әлеуметтік серіктестер көбінесе дәнекерлеуші мамандығын игерген жастарды жұмысқа қабылдайды.

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында  жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту қажеттігін айтқан болатын.

Осы орайда қоғамдағы  сұранысқа ие мамандықтардың бірі электргазбен дәнекерлеуші мамандығына жастарды Оралдағы бірқатар колледжде оқытады. Соның бірі Орал политехникалық колледжі. Аталмыш колледж директорының кәсіби білім беру жөніндегі орынбасары Жанат Нұрахметованың айтуынша, соңғы үш жылдың ішінде дәнекерлеуші мамандығына оқып жатқан студенттер «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік біріншілігінен жүлдесіз қайтқан емес. Студенттер Астанада өтетін ұлттық чемпионаттан жиі жүлдемен оралады. 2016 жылы республикалық жарыста студент Максим Сумкин 2-орын алды. Бүгінде ол колледжді бітіріп, Шынарлы кен орнында шетел компаниясында жұмыс істейді. Оның өндірістік тәлімгері Валерий Лакеевтің еңбек өтіліне 35 жылдан асқан. Ал оның шәкірттері дәнекерлеушілердің кә-сіби байқауында ылғи да көзге түсіп, топ жарады. Колледждегі арнаулы пән оқытушысы Абат Нұржановтың дәнекерлеу ісінің сарапшылық халықаралық сертификаты бар. Жоғары санатты оқытушыдан тәлім-тәрбие алған студенттердің ішінде осы қалайы жоқ. Жалпы, дәнекерлеушілерді кәсіби тұрғыдан даярлауға бұл колледждің материалдық базасы айтарлықтай жоғары.

– 2011 жылдан бастап кәсіптік білім беру саласына нақты көңіл бөліне бастады. Биыл 32 млн. теңге қаржыға дәнекерлеушілерді оқытуға қажетті заманауи жабдықтар сатып алынды. Бес мамандықтың, 29 біліктіліктің ішінен электргазбен дәнекерлеуші мамандығына жабдықтар алдық. Өйткені бұл мамандыққа сұраныс жоғары. Жыл сайын дәнекерлеуші мамандығын игерген түлектеріміз 100 пайыз жұмыспен қамтылады. Биыл да солай болады

деп күтілуде, – деді Жанат Серғазықызы. Оның сөзіне сүйенсек, колледжде лазерлік аппараттан басқа электр доғалық, жартылай аутомат, аргондық, шве-

циялық «МІG c200G c200і» бір фазалық және «WARIOK 500 Icc/cv» көп функциялы дәнекерлеу аппараттары студенттерді дәнекерлеу ісінің қыр-сырына үйретуде таптырмас көмекші. Негізі аталмыш колледж құрылысшы мамандығы бойынша базалық оқу орны саналады. Оған қоса биылға дейін дәнекерлеу мамандығы бойынша да базалық оқу орны болып келді. Болашақ дәнекерлеушілер кәсіпорын-ұйымдарда жаппай машықтанудан өткен кезде өздерін жақсы қырынан көрсетіп жатса, жұмыс берушілер сол студенттерге арнайы жұмысқа шақырту береді. Мысалға, сондай шақырту алған студент Андрей Федорушкин бүгінде «Зенит» зауытында жұмыс істейді. 2016 жылы колледж түлектерінің 26-сы өндіріс орындарына жолдама алды. 2017 жылы

түлектердің 19-ы арнайы шақырту алып, кәсіпорындарда жұмысқа қалды. Сол 19-дың ішінен алты дәнекерлеушіні жеке кәсіпкерлік нысандары аттай қалап, жұмысқа алып тынды. Мысалға, Андрей Носков «Лоцман» ЖК-ға, Алексей Степаненко деген студент «Перепелкин» ЖК-ға жұмысқа қабылданған.

Дәнекерлеуші мамандығына Батыс Қазақстан индустриалды колледжі де оқытады. Қазір алты топ студенті осы мамандыққа оқуда. Олардың 60 пайызы – ауыл-аймақтан келген жастар. Колледж басшылығы студенттерді өндірістік және дипломалды практикадан өткізуге, жұмысқа орналастыруға, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін кәсіпорын базаларында тағылымдамадан өткізуге қаладағы бірқатар зауыт-кәсіпорын-

дармен келісімшарттар жасаған. Соның ішінде «Зенит», «Орал трансформатор зауыты», «Қазтелеком», «Орал құю-механикалық зауыты» сықылды өндіріс ошақтары бар. Осындай әлеуметтік серіктестер көбінесе дәнекерлеуші мамандығын игерген жастарды жұмысқа қабылдайды.

Директор орынбасары Тілектес ахмадиевтің сөзіне сүйенсек, 2016 жылы жергілікті бюджеттен колледж базасын нығайтуға 30 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген болса, өткен жылы құрал-жабдық үшін

36 млн. теңге қаржы қаралып, үш интерактивті-виртуалды жаттығу құрылғысы мен сандық-бағдарламалық тәсілмен басқарылатын қондырғылар сатып алынған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір