• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:31:44
+35°

17 Тамыз, 2017 NEWS

Сүндет Байғожин: Ең беделді вокалдық конкурс елімізде тұңғыш рет өткізілді

Осындай ауқымды мәдени іс-шаралар мемлекетіміздің имиджін көтеріп, Қазақстанға келуші қонақтар санын көбейтіп жатыр", - дейді опера әншісі

"Жақында ғана әлемдегі ең беделді, жоғары деңгейдегі вокалдық конкурс елімізде тұңғыш рет өткізілді. Опера өнерін сүйіп тыңдайтын тыңдармандар үшін бұл ерекше оқиғаға айналды. Мұндай ауқымды, әлем мойындаған өнер сайысы мен үшінде әріптестерім үшінде өзіндік тәжірибе болды", - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин.

Опера майталманы "Пласидо Домингоны бетпе бет көріп, онымен сұхбаттасып, бір сахнада қатар тұрудың өзі біз үшін үлкен абырой, жетістік. Мұндай конкурс қазақ мәдениетінің, қазақ өнерінің, опера саласының беделін көтеріп тастады.  Осы тұста аталмыш шараның ұйымдастырушысы және ұйытқысы болып отырған ҚР Мәдениет министрлігінің еңбегін атап өткен жөн. Әлемнің түкпір түкпірінен жиналған опера әншілері Қазақстанға келіп, Астананың келбетіне таңқалып кетті. Сонымен қатар, айтулы іс-шараға біздің тараптан ешқандай шығын шықпаған, барлық қаржы тұрғысынан қамтамасыз етуді "Опералияның" демеушісі Rolex швейцарлық сағат компаниясы мойнына алған. Бұлда опера өнеріне деген жанышырлық деп білемін.

Euronews телеарнасы біздің "Опералия" туралы трансляция циклдарын көрсетіп бастады. Әлемдік аренада алдыңғы орында келе жатқан телеарнаға шығуымыздың өзі айтулы оқиға. Операны сүйіп тыңдайтын тыңдармандар біздің операдағы жетістіктермен хабардар болып жатқанына қуаныштымын. Осындай ауқымды мәдени іс-шаралар мемлекетіміздің имиджін көтеріп, Қазақстанға келуші қонақтар санын көбейтіп жатыр", - дейді «Астана Опера» театрының солисті Сүндет Байғожин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір