• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:42:50
Алматы
+35°

24 Ақпан, 2017 Әлеумет

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қосыла алмай кеткен қалыңдығы

Баянауылда игі жақсының біразы туып-өскен. Сәтпаев, Марғұлан, Айманов, Аймауытов, Торайғыров дегендей тізіліп кете береді. Біз Торайғыр ауылына арнайылап соғып...

Баянауылда игі жақсының біразы туып-өскен. Сәтпаев, Марғұлан, Айманов, Аймауытов, Торайғыров дегендей тізіліп кете береді. Біз Торайғыр ауылына арнайылап соғып, осында өскен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (ақынның туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы) музейіне барған едік. Сұлтанмахмұттың жүз жылдық мерейтойының қарсаңында 1993 жылы жаңа ғимарат салып беріпті. Алайда, шамалап бес жүз қаралы ауыл ғой, қайбір жағдай жасасын - музейдің іші суық, экскурсовод апай пальтосын шешпей жүр. Ақын өкпе ауруынан азап шегіп, не дұрыс оқи алмай, не жөнді жұмыс істей алмай, ақыры 27 жасында қайтыс болған соң, көрсетер экспонат та қалмапты.

Бірақ, өзіме бір алғаным – мынау екі фото болды. Алғашқы фотода – Мәлике Иманбаева, Баянауылдық қазақ әйелдерінің арасынан шыққан алғашқы мұғалима. Сұлтанмахмұттың қалыңдығы болған екен. Тіпті қалыңмалын төлеп, әне-міне неке қиямыз деп отырғанда, ақын қайтыс болып кетеді. Содан Мәлике ары қарай оқу ізденемін деп пе, ауылдан кетіп қалады, басқа біреуге тұрмысқа шығады, 1930-шы жылдардағы ашаршылық кезінде қайтыс болыпты. 


Ал қалың мал төленіп қойған, оны кері қайтаруға мүмкіндік болмаған соң, ары қарай жағдай былай болған. Екінші фотода - Мәликенің сіңлісі Нағима. Сол Нағиманы 12 жасында Сұлтанмахмұттың інісі әлде ағасы Бәшенге (шын аты Байқоңыр болған-ау) тұрмысқа береді. Осылайша, ақынның келіні болған Нағипа апамыз бертінге дейін өмір сүріпті.

 

Өркен Кенжебектің facebook парақшасынан алынды

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір